Құтқарушы болу – ердің ісі

(0 Votes)

Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер.

Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, ол жақсы физикалық дайындықты, төзімділікті, мінсіз абырой-беделді талап етеді. Күні бүгінде Қазақстанда мемлекет есебінен ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты өртке қарсы қызметінің мамандарын даярлайды. Күндізгі оқу бөліміне 17-25 жас аралығындағы ер балалар қабылданады. Талапкер барлық оқу мерзімінде тегін киім-кешек, тамақ, баспанамен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер ҰБТ-дан өткендігі жөнінде алған сертификаты негізінде қабылданады. Тестілеу кезінде төртінші пән физиканы таңдауы қажет. Сондай-ақ, үміткер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың институттағы күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін оларға өртке қарсы қызмет лейтенанты атағы беріліп, түлектердің әрқайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады.

Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, аудандық төтенше жағдайлар бөліміне келуіңізді немесе 2-11-44 нөміріне хабарласып алуыңызға болатынын қаперлеріңізге береміз.

А.Әлібекова,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521