Өсімдік карантині жөніндегі заңды бұзған 3 кәсіпкерге айыппұл салынды

(0 Votes)

Бабаларымыз келешегін жалғастырар ұрпағын ежелден: «Ала жіптен аттама», «Адал еңбек – бәрін жеңбек», деп ұрлық жасамауға, біреуге тиісті мүлікті жымқырмауға тәрбиелеген ғой.

Дініміз ислам да оған тыйым салған. Әлем сандаған ғасырлардан бері күресіп келе жатқан парақорлық пен жемқорлық қазақ қоғамына бертін келе енген. Ұлы даламызды көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған бабаларымыздың ісіні адал болғымыз келсе біз жемқорлыққа жол бермеуге тиіспіз. Себебі ол мемлекеттің түбіне жететін қауіпті құбылыс. Жемқордың Отаны болмайды, ол ақша үшін қандай қылмысқа да барудан тайынбайды. Сондықтан оның алдын алу, оған жол бермеу басты мақсатымыз болып қала береді.

Аудандық аумақтық инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында қызметкерлермен түсінік жұмыстары жиі жүргізіледі. Осы бағыттағы көрнекіліктер көзге түсетін жерге ілінген. Өткен жыл ішінде қызметкерлеріміздің үстінен түскен арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Кәсіпкерлерге өсімдік карантині жөнінде жадынамалар таратылды. Өсімдік карантині жөніндегі заңды бұзған 3 кәсіпкерге айыппұл салынды. Құжаттары түгел болмағандықтан 9 автокөлік Ресей Федерациясына кері қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық жөнінде аудандық болжамдық-әдістемелік орталықпен бірлескен екі жиын өткізілді. Аудандық прокуратурада жарияланған мораторийді түсіндіру мақсатында өткен жиынға және басқа да шараларға қатысып жүрміз. Алға қарай да жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеуге қатысты жұмыстар жалғасын таба береді.

А.Құмарғалиев,

аудандық аумақтық инспекцияның басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521