Шекарадан азық-түлік тиеген жүк көліктері кедергісіз өтуде

(0 Votes)

Өңірімізде коронавирус таралуының алдын алу, төтенше жағдай кезінде жасалып жатқан жұмыстар, «Құрманғазы» шекаралық өткізубекетінің бүгінгі жай-күйі туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаевпен пікірлескен болатынбыз.

- Кез-келген жағдайға тас түйін дайын болуымыз керек. Әрбір азаматымыздың амандығын ойлай отырып, зор жауапкершілік танытып, дайындық жұмыстарына тыңғылықты және мұқият қарау керек. Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ауданда төтенше жағдайлар комиссиясы негізінде арнайы штаб құрылып, қазіргі таңда нақты жұмыстар қолға алынды.

ajratshekra1

Құрманғазы шекара бекетіне қажетті орындар бөлініп, тәулік бойына кезекшілік орнатылды. Арнайы бөлінген санитарлық қызметкерлер термометр арқылы жолаушылардың дене қызуын мұқият тексеруде. Өзімнің орынбасарларыммен ол жерге барып, жағдайларымен танысып қайттым. Мұнда азық-түлік тиеген жүк көліктері кедергісіз өткізіліп отыр. Сонымен қатар, аурулығына, қадеге баруына байланысты қолында рұқсат қағазы бар жергілікті тұрғындарға да көрші елге немесе бізге өтуге рұқсат етіледі. Алайда, қолдарында төлқұжаты (паспорты) болуы тиіс. Себебі, жеке куәліктен басқа елге барып келгені көрінбейді. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас 80 пайызға дейін төмендеді. «1А» тобындағы елдерден келушілер әзірге тіркелген жоқ. Оларды өткізу санитарлық қызметті хабардар етіп, мемлекеттік шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асады.

a

Халық көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы, халық банкі, қазпошта, сауда базарлары және т.б. жерлерге арнайы мекемелер арқылы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Төтенше жағдай режимі кезінде тәртіп бұзушылықтар қатаң қадағалануда. Әр мекеме санитарлық тазалық жұмыстарын күшейткен жөн. Кінәлі адамдарға айыппұл тағылып, әкімшілік қамауға алынатынын тағы да ескерткім келеді,- деді Қайрат Талапұлы.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521