«Серпер» базарында арзан ет сатылуда

(0 Votes)

Бүгін «Құрманғазы СДО» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі өзінің «Серпер» базарындағы ет павильондарында өнімдерін арзан бағада ұсынып жатыр.

Бұл ертең де жалғасын табады. Атап айтсақ, сиыр етін – 1650, жылқы етін – 1750, түйе етін – 1400 теңгеден сатуда. Мәселен, кешеге дейін сиыр еті 2000 теңгемен босатылған болатын. Дүкеншілер Гүлжан мен Жамиға апалардың айтулары бойынша орталықтан жеткізілген ет өнімдері таусылуға жақындады.Тұрғындар лек-легімен келіп, келілеп алып жатты. 

i

img_3800

Халықтың сұранысын оңтайлы қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бұл ұсыныс аудан әкімі жанынан құрылған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын өсірмеу жөніндегі штабтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

img_3806

А.Иманкулова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521