Сапалы тағам денсаулықты жақсартады

(0 Votes)

«Ас – адамның арқауы», деп дана халқымыз айтқандай, дұрыс тамақтану түрлі аурулардың алдын алады.

Сапалы азық-түлік күш-қуатыңызды арттырып қоймай, түрлі дерттердің жабысуынан сақтайды. Өз денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе күнделікті қолданып жүрген тағамдарыңызға мән бергеніңіз жөн. «Ішің ауырса аузыңды тый», деп айтылғандай қазіргі қаптап кеткен «жылдам әзірленетін» коммерциялық тағамдарға қызықпаңыз. Ақпарат көздерінің мәлімдеуінше олардың тағамдық құндылығы күмәнді және кейбірінің құрамында майлар, қант, тұз адам ағзасына қауіпті мөлшерде. Шетелден келгендерінің де бәрі бірдей сапалы болып шыға бермейді. Мысалы, АҚШ-тан Ресейге әкелінген кейбір азық-түліктердегі жәй көзге көрінбейтін жазуларды үлкейткіш әйнекпен (лупа) қарағанда «Құрама Штаттар территориясында қолдануға тыйым салынады» деген ескерту бар болып шыққан. Демек, америкалақтардан басқаларға арналған. Бір жылдары Израйльде шыққан дәрінің ішінен сым сияқты нәрсе табылып әлеуметтік желіде шу туғызды. Сөйтсе ол дәрі халықаралық деңгейдегі саудаға емес, тек Палестинадағы арабтарға арнап шығарылған екен. Ал, төменде сіздерге ұсынылып отырған азық-түліктер денсаулығыңыз үшін өте пайдалы және табиғи өнімдер. Себебі тағамдық құндылығымен қатар оларда сіздің ағзаңыздың бір қалыпты және белсенді болуына көмектесетін пайдалы дәрумендер жеткілікті.

Мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін балық, сардина, грек жаңғағын жеген пайдалы. Бұлшық етіңіз күшті болғанын қаласаңыз банан,ет, жұмыртқа көмекке келеді. Өкпеге брокколь, брюссель және қытай орамжапырақтары тиімді. Теріңіз сол қалпында сақталсын десеңіз қаражидек жеп, көк шай ішіңіз. Күлгін түсті көкөністер мен түйе бұршақ шашқа өте пайдалы. Жұмыртқаның сарысы, жүгері,сәбіз көзге тиімді. Қызанақ пен піскен картоптың жүрек үшін пайдасы зор. Ішекке қара өрік, йогурт, айран ұнайды. Тауық еті салқын тигенде пайдалы. А, В3,В6,К дәрумендеріне, натрий, калий, магнииге бай жеңіл антибиотик. Имбирдің құрамында кальций, магний, фосфор, калий бар. Жүрек айнуын тоқтатып, қан айналымын жақсартады. Құрамында калий, триптофан, С,К,В6 дәрумендері, бета-каротин бар банан ісікке қарсы әрекет етіп, қандағы холестеринді азайтып, улы металлдардың қалдықтарын ағзадан шығарады. Грек жаңғағы да пайдалы тағам. Мұның құрамында кальций, темір, магний, фосфор, қалайы, калий, фоли қышқылы, С және Е дәрумендері болғандықтан өкпе мен бүйректі нығайтып, ас қорыту мен зат алмасуды жүйелейді.

Ананас кальций, магний, калий, фосфор, бета-каротин және С дәруменіне бай. Сонымен қатар құрамында қуаты күшті бормелайн ас қорыту ферменті бар болғандықтан асқазан сөлі сияқты бактериялар мен паразиттерді жояды. Байқамаса тіс қаптамасына зияны тиюі де мүмкін. Ақжелкек ағзаға жиналған шлактарды шығарып, тыныс алуды жақсартады, қанды тазалап, тамыр бойында кептеліс болуына жол бермейді, зәр жолын тастардан арылтады. Күнде шағып жүрген шекілдеуігіміздің де пайдасы зор екен. Оның да құрамында А,В,Д,Е,К дәрумендері, кальций, темір, фосфор, цинк, маргенец, магний, омега-3, омега-6 құрамы бай май қышқылдары жеткілікті. Бойындағы коректік заттар жағынан ол тіпті еттен, жұмыртқа мен ірімшіктен асып түседі. Құрамындағы пектин ағзадағы зиянды қалдықтарды ауыр металлдардан тазалайды. Көздің көруін, жарыққа әсерін жақсартады. Осындай пайдалы азық-түліктерге қазақтың ұлттық тағамдары да жатады. Олардың да табиғи түрлері ағамызды нығайтады.

Ақпараттар көздерінен әзірлеген Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521