banerkzbig

«САЙЫПҚЫРАН СПОРТШЫЛАР ШЫҢДАЛҒАН ҰЯ»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы балалар-жасөспірімдер мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай «Сайыпқыран спортшылар шыңдалған ұя» атты салтанатты шара өтті.

Шараны Абай атындағы орта мектептің ұстазы Рүстем Тоқаев жүргізді.

img_7997

Құрманғазы балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Әдебиет Ердешов 1969 жылы 10 қарашада аудандық атқару комитетінің шешімімен ашылған спорт мектебінің басында тұрған және бүгін қатарда жүрген спортшылар, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі сіңген басшылар Сергей Греков, Мұрат Молдашев, Кәрім Жұмағұлов, Мұхит Өтешов, Болат Әндіров, Өмірзақ Досжанов, Ғасырбек Даумов, Алексей Горюнов, Есенқабыл Рамазанов, Нұржан Қаби, Жұлдыз Құлесовтің есімдерін құрметпен атады. Білім ұясының ширек ғасыр уақытта жеткен жетістіктеріне тоқталып, одан әрі: –1979 жылы еркін күрестен өткен облыстық жарыста Қайырбек Қиматов, Айдынғали Жүніс, Ғабиден Қайыржановтар облыс чемпиондары атанды. Оларды осы жарысқа Шынайбек Хиуазов дайындады. 1980-1985 жылдары мектепте ІІІ разрядты 201, ІІ разрядты 120, І разрядты 82 спортшы, 3 спорт шеберлігіне үміткерлер болды. 2002-2003 жылдары мектепте дзюдо тобының ашылуына спорт ардагері Ғабиден Қайыржановтың көп еңбегі сіңді. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде 20 жаттықтырушы спорттың 9 түрінен 513 оқушыны жаттықтыруда. Оның ішінде 112 оқушы І,ІІ,ІІІ разрядты спортшы, 17-сі спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Аудан бойынша 4 «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 7 Қазақстан Республикасының спорт шебері болса, 53 адам спорт шеберлігіне үміткер, - дей келе мектеп ұжымына толағай табыстар тіледі.

img_8009

Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Талапұлы аталған мектеп ұжымын мерейлі мерекелерімен құттықтап: – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы біздің мемлекетіміздің стратегиялық бағыттағы саясатының бірі – дені сау ұлт тәрбиелеуді, бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қолдап, көптеген игі істер атқарылды. Ауданымызда 2014 жылы дене шынықтыру және спорт кешені, 2017 жылы Байда, Шортанбай ауылдық округтерінде ангар типті спорт кешендері қолданысқа берілсе, биыл олар Ақкөл ауылдық округіндегі тағы бір ангар типті спорт кешенімен толықты. Сонымен қатар аудан орталығындағы стадионды да қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда біздің спортшыларымыз түрлі облыстық, республикалық, аудандық деңгейдегі дүбірлі жарыстарда аудан намысын қорғап, әрдайым биіктерден көрініп келеді. Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері биыл 10 жыл қатарынан облыстық спартакиададан жүлделі І орынды иеленіп отырғаны біз үшін мақтаныш. Осы жетістігіміздің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы биыл ауданымызда өткізілді. Мұғалімдер арасындағы облыстық спартакиадада аудан командасы үнемі І орынды иеленіп жүр, - деді. Мерекеге орай аудан әкімінің алғыс хатымен спорт ардагері Жұлдыз Құлесов, Нұржан Қаби, Есенқабыл Рамазанов, Әдебиет Ердешов, Қайырболат Жұмабаев, Ерболат Дүйсенов, Айдынғали Жүніс, Болат Жылтыхаев ұлығыланды.

img_8037

Спорт саласының ардагері Жұлдыз Құлесов, алғаш жаттықтырушы болып жасаған Болат Әндіровтің ұлы Қанат сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Құрманғазы балалар-жасөспірімдер мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Өтеген Мажитов өмірден озған қызметкерлердің отбасы мүшелеріне естелік сыйлықтар ұсынды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев, Құрманғазы балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Әдебиет Ердешов өз аттарынан бір топ қызметкерлер мен сала ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады. Салтанатты шарада Толыбай Қажыгереев, Заря Қуанышқызы, Жазира Сәрсенғалиева сынды өнерпаздар әсем әннен шашу шашты.

img_8047

img_8055

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig