Ұрпаққа үлгі болған ерлік

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйіндегі «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

Оны жүргізген ауданға танымал көркемсөз шебері Қайрат Сайфуллин

«Өтер жылдап, уақыт тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар» болып келетін жыр шумақтарымен жат жердегі жарияланбаған соғыстың деректерінен хабардар етіп өтті. Ауған жерінде интернационалистік борыштарын өтеген 23 мың қазақстандықтардың қатарында 89 жерлесіміз болғанын айтып, он сегізінде от кешкендердің қазірде алды 60-тан асып, кейінгілері 50-ді еңсергеніне тоқталды.

img_8647

Құттықтау сөзін арнаған аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев жат жердегі соғысқа жалындаған жастығын арнаған Мүлсәлім Исаевтың, Сағынғали Молдағалиевтің, Ақан Олжабаевтың өңірлеріне «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің «Ардагер» медалін қадады. Рафхат Ахметов, Тұрғанбай Исаев, Аман Қаражанов, Абай Қаражанов, Салауат Қазиев, Қанат Қуанышев, Ғабит Сиғашев, Серік Төлепбергенов, Айжарық Сахташевқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

img_8673

img_8674

Құрманғаы аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Мұфтахов қандыкөйлек қаруластарын атаулы күнмен құттықтып, денсаулықтары мықты, ғұмырлары ұзақ болып, бейбіт күннің бақытын қайғы-мұңсыз кешуді тілек етті.

img_8679

Еңбекші жалпы орта мектебінің бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Жасұлан Ғалымжанов аға буынның ерлікті істері кейінгі жастарға қашанда үлгі екенін айтып, қан майданда қаза тапқан Қадірбек Өмірбаевтың есімін Еңбекші орта мектебіне беруді бастама етіп көтерді.

img_8683

Шарада танымал әншілер Жалғас Сағындықов, Толыбай Қажыгереев, Қадыржан Хасанов, Болат Күнтуаров, Жазира Сәрсенғалиева және жас күйшілер Шахназар Ғалымғали, Меңдібай Жылтыхаев өз өнерлерін көрсетті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521