Пошта ғимараты құлағалы тұр, жастар спорт кешеніне зәру

(0 Votes)

Мұғалім Нұрбек Шайхиев мектеп музыкалық аппаратқа зәрулік танытып отырғандығын алға тартса, көпбалалы ана Бибігүл Әлиева жаңа балабақшаға бөбекжай тобын ашуды өтінді.

Заңсыз қоршауға алынған жерді қалпына келтіру мәселесі бойынша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасанов түсінік берді. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Аязов Тәуелсіздік игіліктері жыл өткен сайын жақсы өмір сүруге ынталандырып отырғанын тілге тиек ете келе, әлі де істелуге тиіс жұмыстарды қаперледі.

img_8188

- Жыр болған мәселе - пошта ғимараты. Ол әбден ескірді, іші тар, құлағалы тұр, тұрғынға көрсетілетін бүкіл қызмет сонда атқарылады. Сонымен бірге, жастарымызға арналып жабық типті спорт кешені салынғанын қалаймыз, - деді.

img_8192

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Әлімбай Әбдірахман Кеңес Үкіметі кезінде "Құрманғазы" атындағы кеңшардың басшысы болған "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері, соңғы кезде ескерусіз қалған Қабды Тайшығұлұлының одан беріректе басшы болған Харес Биляшевтің атына көше беру жөнінде ұсынысын ортаға салды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев АӘК-тің жаңа форматы, несие, грант алудың бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Осы округтен сайланған аудандық мәслихат депутаты Хамит Кабылов округ ғимараты жаңартуды қажет ететінін жеткізіп, ауыл әкімі О.Азимовтың жұмысына оң бағасын берді.

img_8184

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы көтерілген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, өңірде атқарылатын жұмыстардан хабардар етті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521