Партия ұйымдастырған марафон

(0 Votes)

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне және «Nur Otan»партиясының 20 жылдық мерейтойына орай аталмыш партияның аудандық филиалы және қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Мақаш ауылдық округінде үш шақырымға жүгірістен марафон өтті.

Оған барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және мүшелері, аудан кәсіпкерлері, мекеме қызметкерлері және жастар белсенділік танытты. Ерлер арасында мәрені бірінші болып Әл-фараби Қибашев (Орлы) кессе, Дәуренбек Ғалиденов (Ақкөл), Исабек Сахтапов (Еңбекші) ІІ, ІІІ орындарға лайықталды. Қыздар арасында Дильназ Мидилова (Бірлік) жеңіс тұғырынан көрінсе, Еділ Молдашева (Құрманғазы), Нурия Хамитоваға (Құрманғазы) ІІ, ІІІ орындар бұйырды. Қатысушылардың ішінде «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарымен марапатталғандар да болды.

img_8345

img_8352

img_8353

Мақаш ауылдық мәдениет үйінің алдында өткен шарада «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап: - Біздің тарихымызда 16 желтоқсан – алтын әріптермен жазылған күн. Міне, осы ұлық мереке қарсаңында және партияның құрылғанына 20 жыл толуына орай аудандық филиалдың саяси кеңесінің ұйғаруымен аталмыш шара жүзеге асуда. Тәуелсіздікпен бірге біте қайнасып келе жатқан «Nur Otan» партиясының ел, халық үшін жасап жатқан ауыз толтырып айтарлықтай игі істері жетерлік. Алдағы уақытта да партия мүшелерін және жақтастарын біріктіру, топтастыру мақсатында түрлі шаралар жалғасын табады, - деп, салауатты өмір салтын ұстанған қатысушыларға өзінің ризашылығын білдірді.

img_8356

img_8358

img_8361

Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыстады. Бұдан кейін, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров тарихи шежіреге толы Мақаш ауылының ерекшелігін тілге тиек етсе, марафонға қатысушылар атынан Дыңғызыл бастауыш партия ұйымының төрағасы Оралбай Азимов ақжарма тілеген ақтарды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ернар Рахметқалиұлы дипломдар және медальдармен ұлығылады.

img_8362

img_8365

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521