Пандус барлық ғимаратта болуы тиіс

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев пен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бержан Кенжебаев аудан орталығындағы адамдар көп шоғырланатын әлеуметтік нысандардың мүгедектерге арналған пандустармен қамтылуын тексерді.

Шараның мақсаты туралы бізбен әңгімесінде Өмірболат Есенғазиев: – «Nur Otan» партиясының партиялық бақылау бақылау комиссиясының берген нұсқаулығына сәйкес халық көп жиналатын және әлеуметтік қамтылатын нысандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді болуы, олар өздерінің қоларбасымен күнделікті дені сау адамдар сияқты қозғалуы, кез-келген өзіне қажетті мекемелерге, орындарға кіргенде ешқандай кедергі көрмеуі үшін пандустармен қамтылуы тиіс. Осыны орнату 4-5 жылдан бері айтылып келеді. Бүгінде құрылыс мекемелерінің республикадан бекітілген нормативтік жобалары бар. Мысалы, онда жаңа нысанды салған кезде оның іргетасына сәйкесті пандустың биіктігі мен көлбеулігі қандай болатыны анық көрсетіледі. Яғни, ол қоларбада отырған мүмкіндігі шектеулі азаматқа ешқандай күш түсірмей еркін шығатын биіктікте болуы қажет. Соған орай өткен жылдан бастап аудандағы барлық мекемелерге осыны сақтау жөнінде нұсқаулық беріп қойдық. Айта кетер жайт бұрын салынған, 20-30 жыл болған ғимараттарда пандустар жоқ. Алайда олар қолдарындағы бар материалдарымен мейілінше сәйкестендіріп жасап қойды. Жаңа айтқанымдай жаңадан салынатын құрылыс жобаларына пандус міндетті түрде кіргізіледі және соңғы талап бойынша арбада отырған адам ұстап тартатын екі жағында қосалқы арқалығы болуы керек. Бұрын пошта, аурухана, базарлар, әлеуметтік қызмет көрсету орындарына жәйлап ескертсек, енді жоқ деген ұйғарым шығарып, пандус орнатуға мерзім береміз. Сол уақыт ішінде жасамаса оны бақылайтын құзырлы органдар шарасын алады. Биыл мамыр айына дейін жоқтары орнатуы тиіс. Мұның бәрі партиямыздың «Кедергісіз келешек» деген үлкен бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Ай сайын республикалық орталық комитет арқылы тыңдалады. Осы айдың 27-сі күні селекторлық отырыс болып, бұл мәселе тағы қаралады, - деді.

img_3456

img_3481

Аралау барысында байқағанымыз «Мерей» саудан үйінде пандус бар, бірақ ұстап көтерілетін арқалығы жоқ. Жаңадан бой көтеріп жатқан 70 орындық ауруханадағысы барлық талапқа сай, көрер көзге де тартымды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қиындық тудырмауы мұқият ескерілген. Жер кадастр бөлімі мен әлеуметтік қамту орталығы орналасқан жаңа ғимаратта пандус болғанымен арқалығы бір жағында.

img_3486

img_3489

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө. Есенғазиев пен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Кенжебаев әлеуметтік қамту бөлімінің басшысы Гүлайна Садықоваға пандустың эмблемесын да орнату керектігін айтты. Аудандық ХҚКО-да пандус талапқа сай емес. Бөлім басшысы Гүлбақыт Мырзабекова ғимаратқа биыл жөндеу жасалатынын, оны салу сол жобаға енгенін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521