Округтің жаңа басшысын таныстырды

(0 Votes)

Он бес мыңға жуық халқы бар ауданымыздағы ең үлкен округке жаңа әкім тағайындалды.

Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының жиналысын аудан әкімі Қайрат Талапұлы ашып: – Бүгіннен бастап Муса Абдуррахман Рахметұлы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып отыр. Бұл азаматты өздеріңіз жақсы білесіздер, өмірбаянымен таныссыздар. Тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Бұған дейін округ әкімі, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшысы болып жұмыс жасаған жан-жақты азамат. Ауданымызда үлкен беделге ие. Алға қарай округті дамытуға, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға барлық жағдайды жасайды деген сенім артып отырмыз, - деп А.Мусаға жемісті еңбек, абыройлы қызмет тіледі.

i

Ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметтің ардагері Қадырбай Жармұхамбетов: – Ортамызға әкеліп таныстырып жатырғаныңыз үшін рахмет. Бұл азаматтың бала кезінен бастап Бұзаусланда көршісі болдым. Әке-шешесін көрдік, өзі көз алдымызда өсті. Оқу бітіріп келгеннен кейін біраз жыл мешітте бас имам қызметін атқарды. Халық сыпайылығы, кішіпейілділігі үшін жақсы сыйлайды. Айналып келіп он бес мың халқы бар округке әкім болып тағайындалып жатыр екенсің, жемісті еңбек тілеймін. Округтің жағдайын, мұнда жұмыс жасаудың қиын екені өзіңе жақсы мәлім. Себебі бір өзінде 5-6 ауылдық округтің халқындай адам тұрады. Бір мәселесін реттесең, екінші шетінен бірдеңе шығады. Соның бәрін дер кезінде шешіп, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасасаң жұмысың алға басады, - деген ізгі тілегін жеткізді.

i

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, білім саласының ардагері Шайхатолла Жәлелов тарапынан да осындай жылы лебіздер айтылып, жаңа басшыға сенім білдірілді.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы қорытынды сөзінде: – Әлемде болып жатырған жағдайға байланысты көптеген мерекелік шараларды тоқтаттық. Округтерде шекара жабылуына байланысты баға көтеріліп кетті дегенді естіп жүрміз. Алаңдайтындай ештеңе жоқ, қорымызда бәрі жеткілікті. Қаладан да бірінші кезекте қажетті азық-түліктерді әкелудеміз. «Камаз» жүк көліктеріне қазір Астраханға шығуға мүмкіндік берілді. Енді бір-екі күнде кәсіпкер Біржан Ахонұлы 1500 теңгемен базарға мал етін сатады. Сонымен қатар әрбір сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жағада арзан бағамен балық өнімдерін сатады. Осындай жұмыстар ұйымдастырып жатырмыз. Оны әлеуметтік желіде де жарияладық. Дегенмен үлкендеріміз осыны барған жерінде айта жүрсе артықтық етпес еді, - деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521