Округтің кеңсесі де құлау қаупінде

(1 Vote)

Еңбекші ауылдық округінің әкімі Руслан Әмірхановтың есепті баяндамасында әлеуметтік-экономикалық даму және ағымдағы 2020 жылға, жақын перспективаға арналған іс-қимыл бағдарламасы қамтылды.

- Округтің экономикалық негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауылдың күнкөрісі саналатын мал шаруашылығында өткен жылмен салыстырғанда мал басы 4,2 пайызға кеміп кетті. Себебін шаруагерлер өз мұқтаждықтарына қой мен ешкінің сатылымы көбеюінен деп түсіндіреді. Қалған түліктердің саны алдыңғы жылдар деңгейінде. Шаруа қожалығы иесі Н.Кадыров 8,3 гектар, жеке кәсіпкер М.Хайрлиев 7 гектар, жалпы тұрғындар 30,3 гектар жерге көкөніс, бақша өнімдерін егіп, жоспарлы 50 тонна өнімге қол жеткізді.

Атқарылған істерді саралап өтсек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық трансферттен 2 млн 840 мың теңге бөлініп, Жұмекен ауылындағы балалар ойын алаңын қосымша ойын құралдарымен толықтырылды, Даулеткерей ауылына жаңадан балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округке 1 трактор, тіркемесімен және Камаз (вакум) автокөлігі беріліп, қазіргі уақытта қызметін көрсетіп келеді. Көнеу, Подхоз елді мекендеріне таза ауыз су тартылды. Округ орталығынан полицияның учаскелік инспекторы мен медицина қызметкеріне қызметтік пәтер салынып, күні бүгін пайдалануға берілді. Кадырка ауылындағы көп қабатты 60 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысы бітіп, округ теңгеріміне алынды, қоныстандыру құжаттары жасақталынуда.

img_9468

Осындай жетістіктерімізбен қатар проблемалық жайттарымыз да жетерлік. Бала санының өсуіне орай Еңбекші орта мектебіне жаңа немесе қосымша ғимарат салуды қажет етеді. Жұмекен ауылдық емханасы және өзіміз отырған округтің кеңсесі әбден тозып құлау қаупінде тұр, шұғыл шарасын алуды сұраймыз. Сұрхан және Кадырка өзендерінің түбін тереңдету, Мальцев каналын қазып Шарон өзеніне қосу жұмыстары кезек күттірмейтін істердің бастысы. Атырау- Астрахань тас жолының Еңбекші ауылдық округі териториясынан 4 жерінен Көнеу, Дәулеткерей, Жұмекен, Кадырка ауылдары тұсынан тонель типті мал өткелін қалдыруға ұсыныс берілді, - деген ауыл басшысы ауылішілік асфальт жол салу, зираттарды қоршау, түнгі көше жарықтарын орнату, жабық типті спорт кешенін тұрғызу сияқты мәселелерді назарға берді.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521