Облыс аумағына төрт блок пост қойылды

(0 Votes)

Атырау қаласы бойынша және облыс аумағында түнгі сағат 00.00-ден бастап төрт блок пост қойылды.

Атыраулықтар, сонымен қатар аудан тұрғындары бұл блок пост арқылы өзінің тұрғылықты мекенжайына жете алады. Ал, басқа адамдарға бас санитарлық дәрігердің қаулысымен қалаға кіруге тыйым салынады.

Қазіргі уақытта төрт блок пост өз жұмысын бастады. Олар Атырау-Астрахань тас жолында - Сарыөзек, Атырау-Орал тас жолында - Алмалы, Атырау-Индер тас жолында - Бесікті, Атырау-Доссор тас жолында-Қарабатан бекеті.

Ескере кететін жайт, бұл орындар 2 сәуірге дейін тек қала және облыс тұрғындарының өзінің тұрғылықты жеріне жетуі үшін қойылып отыр. Аталған күннен бастап Атырау қаласына кіруге және одан шығуға толықтай тыйым салынады. Сондықтан осы аралықта облысымыздың әрбір тұрғыны өз мекенжайына жетуі керек.

Тағы да бір айта кететін жағдай, бұл блок постыларды айналып өту немесе басқа да жолдармен Атырау қаласынан шығуға немесе оған кіруге әрекет ететін болса заңмен көзделген жауапкершілік қарастырылатыны ескертіледі. Толықтай тек қана арнайы бекітілген жерлерден ғана өтуге рұқсат етіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521