Қоқысты үй-жай маңында өртеуге болмайды

(0 Votes)

Көктем шығып, күн жылынған шақта өртке аса сақ болғанымыз абзал.

Әсіресе, тазалық айлығы кезінде тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін ескерген жөн.

Ауланы, үй аралары мен көшелерді тазалағанда қоқыстар мен сабанды, аула-қоралардағы шөп қалдықтарын көлікке тиеп, арнаулы орындарға апарып төгу керек. Оларды жинақталған жерінде өртеуге мүлдем болмайды, ашық от көзі өте қауіпті. Жаға бойында да қоқысты өртеген кезде оны бақылаусыз қалдырып, немесе сөндірмей кетуге тыйым салынады. Күн жылынған шақта кепкен сабандар лақтыра салған темекі тұқылынан тез тұтанатынын да естен шығармауымыз қажет. Тазалық жұмыстары жүріп жатқан жерген балаларды жақындатпаған абзал. Әбден сөндірілмеген от орнына балалар қызықтап, қызық көріп қоламтаны үрлеп өрт тұтандырулары ықтимал жағдай. Мысалы, жыл басынан бері екі рет аудан көлемінде қоқыс қалдықтарының жануы болды. Абырой болғанда оны дер кезінде байқап үлгеріп, өрт сөндіру бөлімінің көмегімен өшіріліп алынды. Қалдық шөп немесе қоқыстарды өртеу тек өзіңнің үйіңе ғана емес, айналадағы көршілерге де қатер төндіретінін естен шығармайық.

Талдау көрсеткендей, өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуда. Өрттің пайда болу себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандығынан, балалардың отпен ойнауы, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ержелерінің бұзылуынан туындағандығы анықталды.

Өрттің тілсіз жау екенін бәріміз түсінсек те, оның нағыз мәнін ұғына білмейміз. Сол сияқты, округтерде далада жаңа шөп шығу үшін жер өртейтін әдет бар. Мал азығы үшін бәлкім дұрыс болар. Алайда, бұл шара кейде қараусыз қалып далалық өрттерге ұласып кету оқиғалары кездесіп жатады. Осындай істерді қолға алмас бұрын алдын ала өртке қарсы қызмет бөліміне хабарлап, ескерту шарт.

Күнделікті қарбалас шақтарда қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қолға алып, дүние-мүлкімізді ғана емес, өмірімізді де сақтауға зор үлес қосатынымызды ұмытпағанымыз жөн.

Ж. ЛҰҚПАНОВ,

№7 ӨСБ-нің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521