Қоғамдық тәртіп қатаң бақыланады

(0 Votes)

Елімізде төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты заң талаптарына сәйкес шектеу шаралары енгізілді.

Мақсат – азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал, режимді бұзғандар заң алдында жауап береді. Бұл туралы аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев айтты.

Бүгінде ауданымызда қоғамдық тәртіп күшейген. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне шектеу қойылды. Ойын-сауық, спорттық, басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Шекарадағы өткізу пункттерінде азаматтардың кіріп-шығуына шектеу енгізілді. – Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабымен, ал төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін ӘҚБтК-нің 478 бабымен әкімшілік жауаптылық қаралған. Сондықтан әр азамат шектеу шараларына жауапкершілік таныту тиіс, - деді құқық қорғау органының өкілі.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521