Нұрдәулет – республикалық байқаудың жеңімпазы

(0 Votes)
Нұрдәулет – республикалық байқаудың жеңімпазы
фото: Теңіз Ауылдық Округінен

Атырау қаласында республикалық «Махамбет оқулары» байқауы қорытындыланды. Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп гимназиясында өткен іс-шараға еліміздің 14 өңірінен 66 оқушы қатысты.

Дауылпаз ақын М.Өтемісұлының 220 жылдығына орай оның рухты жырлары насихатталып, шығармалары ұлықталды. Байқау қорытындысы нәтижесінде «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындауда Атырау облысынан қатысушы Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылы, Гагарин атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Нұрдәулет Нұрланов жүлделі І орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Нұрдәулет бұған дейін облыстық, республикалық додаларда топ жарып, ауданымыздың мерейін асқақтатып келеді. Аудан орталығындағы Дина Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің домбыра сыныбында оқиды. Балғынды жастайынан киелі аспапта ойнауға баулыған ұстазы Гүлмира Сидағалиеваның еңбегі зор.

Ал аталмыш байқауға дайындаған Гагарин атындағы жалпы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Қадіржан Қапсихов. Күй елінің даңқын асырған Нұрдәулет байқаудан олжалы оралған кезде ауылдастары, өзінің ұстаздары мен замандастары салтанатты түрде күтіп алды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521