Наурыз-жасампаздық бастауы

(0 Votes)

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығызл байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған ұлы мереке - Наурыз мерекесін мен басшы болып еңбек ететін Б.Бегалиев атындағы ұжым да тамаша мерекелік көңілмен атап өтті.

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытатын осы тамаша мерекеде ұжым мүшелері ұлтымыздың ұмыт бола бастаған “Абысын асы”, “Аушадияр”, “Өңір салу”, “Жарапазан”, “Түйемұрындық” сияқты салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіп,бір-бірімізге керемет көңіл сыйладық.Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам биылғы жылы Қасиетті Рамазан айында тұспа-тұс келіп, баршамызды керемет күнде кездестірген, береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мерекеде баршаңызға денсаулық, шалқыған шаттық, отбасы амандығы мен ырыс-ынтымақ тілеймін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұжым бірлігі мен ынтымағы жарассын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521