Нұржауда жаңа әкім

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев өзінің өкімімен 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап тағайындалған Нұржау ауылдық округі әкімі Мұрабек Мұғалімді ауыл активімен таныстырды.

Жаңа ауыл басшысының қызметіне сәттілік тілеп, алдында тұрған міндеттерді де атап өтті. – Үстіміздегі жылы үш округте ішкі және кіреберіс жолдары салынатын болады. Оның ішінде осы Нұржауда бар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Барлық көшелері жоспарға енгізілді, сапалы орындалуы қадағалануы керек. Мұрабек Рифхатұлы бұған дейін үлкен округ – Құрманғазының әкімі қызметін атқарды, әкімдік аппаратында да жауапты қызметтерде болды. Бұл жұмыстарды, басқа өз құзіретіне кіретін істерді жауапкершілікпен атқарады деген үлкен сенім бар, - деген аудан әкімі бұған дейін округ әкімі қызметін атқарып келген Қайрат Салахиденұлына ризашылығын білдіріп, оның округте маман ретінде мемлекеттік қызметте қала беретінін қаперге берді.

Тұрғындар атынан сөз алған ардагер ұстаз, ауылдың биі Жібек Қисымова жаңа әкімнің жаста болса біраз жауапты қызметтерде болған тәжірибелі маман екенін атап өтіп, ауылдастарын оның бастамаларына қолдау білдіріп отыруға шақырды. Қазақтың «Жалғыз ағаш орман емес» деген мақалын мысалға келтірген Мұрабек әкім қай істе де үлкеннің ақыл-кеңесіне, жастың батыл идеяларына жүгінетінін жеткізіп, «Нұржаудың көркеюіне бар күш-жігерімді аямаймын» деп сендірді.

Келесі кезекте аудан басшысы М.Мұғалімді жұмыс кабинетіндегі жаңа орнына отырғызып, тағы да сәттілік тіледі. Ауылдың үлкендерімен есендесіп, аз-кем жағдай сұрасып, алдағы есеп беру жиында ауылдың проблемасы толығырақ тыңдалатынын айтты.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521