Мораторий туралы түсінік берілді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында семинар-кеңес өтті.

Мақсаты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын кәсіпкерлік нысандарына тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату туралы енгізілген мораторийін түсіндіру. Сонымен қатар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласында өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеуде оған санитариялық сараптама жасау мақсатында профилактикалық қадағалауды барып жүргізу, техникалық регламенттер талаптарымен таныстыру.

img_3336

Семинар-кеңеске «Атамекен» Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Қ.Қожантаев, сарапшысы Г.Тұрғалиев, аудандық филиалының директоры Ұ.Өтегенов, аудандық кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Насипов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының, ветеринария бөлімінің өкілдері Е.Түймалиев, Н.Қабдешов қатысты. Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы К.Отаров семинар кеңесті ашып, күн тәртібімен таныстырды.

img_3337

Алғашқы кезекте аталған басқарманың ұйымдастыру, құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы А.Жандыбаев 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтату туралы баяндама жасады. Қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Құрманғазы аудандық кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Насипов халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу кезінде қазіргі заң талаптарына сәйкес аудан көлеміндегі барлық сауда орындары кассалық аппаратпен жұмыс жасайтынын, ол болмаған жағдайда ұялы телефон арқылы чегін шығарып беруге міндетті екенін айтты.

img_3339

Ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің өкілі Е.Тюмалиев сұрақ қоюшыларға ауданға сырттан келіп жатырған ет, сүт өнімдерінің барлығының сертификаты, ветеринарлық анықтамасы т.б ілеспе құжаттары болу керек екендігін жеткізді.

Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы К.Отаров семинар-кеңесті қорытындылап, жақсы түсініктер бергені үшін қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Айдана ИМАНКУЛОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521