"Менің Туым, менің Отаным!"

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған "Менің Туым, менің Отаным!" атты республикалық патриоттық акциясы өтті.

Оған аудан әкімі Қайрат Нұртаев, оның орынбасарлары, түрлі сала ардагерлері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, колледж ұстаздары және студенттері қатысты. Мемлекеттік Туымызды көтеріп, арнайы мереке ретінде атап өтудің мақсаты – патриотизмді насихаттау, қазақстандықтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыдағы "Медеу" спорт базасы аумағында алып Туды орнату іс-шарасына қатысып, жұртшылықты рәміздерді құрметтеуге шақырған болатын. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік рәмізді насихаттау, дәріптеу акциясы жалғасуда. Оқу ғимаратының алдында мемлекеттік қызметшілер бір-бір Туды желбіретіп, студенттер қолдарына жалаушалар ұстады.

img_7047

img_7048

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

- Әрбір мемлекеттің ұлы құндылықтары болады. Мемлекеттік рәміздерді осы санатқа жатқызамыз. Өйткені олар елімізді айғақтайтын басты нышан. Аталмыш республикалық акция ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде, білім ошақтары мен балабақшаларында бір мезетте жүзеге асуда. Бүгінгі күні сіздермен осы мақсатта бас қосып отырмыз. Бұл шара өз кезегінде өскелең ұрпақтың мемлекеттік Туға деген құрметін арттырады. Жоғарғы оқу орнын бітірген жас маман ертең тәрбие ісіне араласқанда бойына сіңірген патриотизмді өзінің айналасына көрсете білуі тиіс. «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, өз елімді, Отанымды сүйемін» деген әрбір жалынды жас мемлекеттік Туды мақтанышпен дәріптеп, оны әрдайым жоғары ұстауы қажет - деген аудан басшысы мемлекеттік Туды көтеру құрметіне ие болды.

img_7071

Одан әрі ардагер ұстаз, КСРО кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі Зайыр Хидуллин, колледждің ІІІ курс студенті Арсен Қуандықов мемлекеттік рәміздің мән-маңызын түсіндіріп, жастарды елі мен жерін қадірлеуге, Отанын сүюге шақырды.

img_7070

Акция аясында белсенді қыз-жігіттер өздерінің дайындаған флешмобын ұсынса, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Толыбай Қажыгереев «Көк Тудың желбірегені» әнін орындады.

img_7083

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521