Мемлекеттік тілді меңгеру – азаматтық парызымыз

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деп атап көрсетті. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры, ол тек мемлекеттің саясатымен, мемлекеттік мекеменің ісімен шешілмейді. Мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің атқаратын қызметі мен қосатын үлесі зор. Өйткені тіл мәселесі өте маңызды. Біріншіден ол өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны, екіншіден барлық қазақстандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз. Олай болса оны білу әрбір отбасының, ұжымның негізгі мақсаты болуы тиіс. Біз тіл арқылы ғана ата-бабадан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа аманаттай аламыз.

Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, жетекші салаларда оның қолданысын арттыру. Бұл мәселені шешу жолдары «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту, екіншісі – оны кеңінен қолдануды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Мен қазақ тілінің жанашыры, тәжірибелі маман ретінде қазіргі таңда мемлекеттік тілге толыққанды көшу үшін және ана тіліміздің беделін одан әрі нығайту мақсатында ең алдымен оны оқытудың мазмұны мен сапасына көңіл бөлінуі қажет деп есептеймін. Өйткені анамыздың сүтімен бойымызға даритын тілдің әр адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны ерекше. Бүгінгі қоғамның алдымызға қойып отырған басты талаптарының бірі – өз ойы мен пікірін қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, сол арқылы кез-келген ортаға тез бейімделетін, сөйлеу тілі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан тек айтып қоймай, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай тіліміз өркендесін десек, бұл бағытта жұмыла жұмыс жүргізуге атсалысайық.

А.Айтекенова,

аудандық соттың жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521