banerkzbig

Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап «Еларна» мен «Балапан» телеарналары арқылы қашықтан оқиды – Дәурен Абаев

(0 Votes)

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқуға көшетінін айтты.

«2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзыретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, осыған орай қосымша шара ретінде «Еларна» мен «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі.«Бірақ, бұл – негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетіледі», – деді министр.

aikyn.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21