banerkzbig

Мұғалімдерге көп мөлшерде сыйақы төленеді

(0 Votes)

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына осындай түзету енгізіп, екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әбдіманап Бектұрғанов депутаттық корпус енгізген басты түзетулерге тоқталды.

«Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақының төленуін көздейтін норма енгізіледі», - деді депутат.

Сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогке 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2019 жылы 2,5 миллион теңгеге тең) біржолғы төлем беріледі.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп мұғалімдері үшін нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетуді ұсынып отыр.

Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім ұйымдары мен әскери оқу орындарының мұғалімдеріне де магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (25 250 теңге) қосымша ақы енгізілді. Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig