"Ұлылықтың бастауы Әз - Наурыз" мерекелік шара өтті

(0 Votes)

Абай мектебі  “Ұлылықтың бастауы әз-Наурыз!” атты мерекелік шара өткізді.

Бала біткен ойнақ салып еркелеп, жабағыдай жадырап, көңілі шат-шадыман болған ерекше атмосферада ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлер насихатталды.

Шара шымылдығы әсем би және “Сүйінші сұрау” дәстүрімен ашылса, Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасырда тойымызда қонақтап ізгі тілектерін жаудырды.

Мектеп ұжымы аталмыш мерекені ауыл ауылға бөлініп өзара ұмыт қалған дәстүрлерді ұлақтады.Соның ішінде “Біз шаншу“, ”Түйемұрындық”, “Ұрын бару” “Құда болу”, “Байғазы” мен “Көрімдіктің” айырмашылықтары, “Аластау” дәстүрлі ырымы туралы кеңінен сахналық көріністер қойылды. Оқушыларымызда тойдан кенде қалмай “Жарапазан” айтып, әдемі әндерімен жалғады. Қыдар ата өз ақ батасын беріп, ескі жыл қоямен қоштасып, жаңа жыл ұлуды қарсы алып керемет шараның куәсі болдық.

Шара соңында мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы қорытындылап, шара аясында өткізілген сахналық көріністер байқауында жеңімпаз деп танылған Ағылшын тілі және көркем еңбек пән бірлестігі және жүлделі орын иеленген өзгеде бірлестіктерді құттықтады.

Кәсіподақ ұйымы ұжым мүшелеріне жеміс-жидек таратып, Наурыз көжені ерекше ұйымдастыра білді 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521