Құрылыс саласының ардагері Фатихолла Зинуллаевты қабылдады

(0 Votes)

Құрылысшы мамандығының қадірі – асқақ, маңызы – терең. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуын оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады.

Жылдар ғана емес, ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан нысандар, ғимараттар бар. Солардың әрқайсысында құрылысшылардың қолтаңбасы қалған. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында еңбегімен елге еленген азамат, құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті құрылысшы-инженер, ҚР «Құрметті құрылысшы» төсбелгісінің иегері Фатихолла Зинуллаевтың мерейлі 70 жасқа толуына орай аудан әкімінің орынбасары Амангелді Хайдарұлы қабылдау өткізді.

Алдымен Амангелді Мұратов мерейгердің қысқаша өмірбаянына тоқталып, өңіріне «Еңбек ардагері» төсбелгісін тағып, аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, иығына зерлі шапанын жапты. Мұндай құрметті жұбайы, білім саласының ардагері Күләш Жолдығалиқызына көрсетті.

Еңбек жолын қарапайым құрылыс шебері, прораб, аға прораб жұмыстарынан бастаған Фатихолла Зинуллаев Сүйіндік, Балқұдық елді мекендерінде типтік жобадағы 90 орындық балабақша, сауда орталығы, тұрғын үйлер, 320 орындық және 624 орындық мектеп ғимараттарының құрылысын жүргізді. Ресейдің Новосибирск, Саратов, Волгоград тағы басқа қалаларынан құрылыс материалдарын дайындап, тасып қамтамасыз етті. Одан кейін Нұржау ауылында, Жамбыл елді мекенінде құрылыс нысандараның бой көтеруіне атсалысып, жаңа типтегі мал қоралары, мал бордақылау алаңдары ел игілігіне берілді. 2006 жылдан басталған Құрманғазы ауданын жоғарғы желідегі газ желісіне қосу, газ тарату қондырғыларын орнату, тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге өз үлесін қосты. Қазіргі кезде «Азия- Рейтинг» ЖШС-інде сарапшы міндетін атқарып жүрген инженер – құрылысшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы, өз ісінің шебері Фатихолла Зиноллаұлымен әріптес болған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талғат Жаудин, Ержан Рысқалиев, ағасы Жұмақай Ғұмаров, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, жерлесі Балғаным Хасенқызы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.

Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров ұзақ жылдар білім саласында абыройлы еңбек еткен Күләш Жолдығалиқызының атқарған ісіне айрықша тоқталып, «Тәлімгер» төсбелгісін табыстап, гүл шоғын ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521