Кола емес, жылы сүт ішкен дұрыс

(0 Votes)

Таңертең ұйқыдан тұрғанда, жұмыртқа қуырып, айранын сұйылтып «ішіп ал, балам» деп, бәйек болатын анамыз жанымызда емес қой.

Қолымызға түскенін жейміз де жүре береміз. Қарбалас жұмыста уақыт та бола бермейді.

«Соңғы күндері асқазаным қыжылдап ауырып жүр. Сенсеңіз дәрігерге баруға да уақыт жоқ. Кезекке тұрып, жүйке жұқартпай ғаламтордың іздеу деген жерге, жаза салып, онлайн кеңес ала салған тез ғой. Асқазанның кілегей қабатының қабынуы – жедел гастрит. Белгілері: қыжыл, кеуде тұсында қырып жатқандай ауырсыну, - дейді бір танысым.

Асқазанды көзбен көре алмайтындықтан, ауызбен жіңішке зондқа байланған камера жұтады екенсіз. Бұл ФГДС деп аталады. Жағымсыз, ауырады дейді, жасатқан адамдар. Гастрит уақтылы тамақтанбаудан, ащы тағамды жиі қабылдаудан дамиды. Сонымен қатар, бұл ауру белгілері байқалған жағдайда кофе, кола ішу зиян. Асқазанда сөл бөліну күшейсе, кілегей қабатын күйдіріп, қабыну процесіне әсер етеді. Қарапайым тілмен айтқанда, асқазанда жара пайда болады. Жарадан қан кетеді. Соңы жаман ауру екен. Тіпті бұл ауруға жан күйзелісінде жүрген адамдар, жиі шалдығады. Гастритті емдеуге дәрі-дәрмек өте көп. Аттарын жаттап та үлгермейсіз. «Қазақи» жолмен де емдеуге болады екен. Саз балшықты суға сұйық етіп езіп ішу, жақсы көмектеседі деп жатады, үлкендер. Ара балын, бір тостаған жылы суға араластырып ішу де өте пайдалы. Енді жейтін тағамға баса назар аударатын болам. Бір тостаған кофенің орнына айран, шөлдеп өліп бара жатсам да кола емес жылытылған сүт ішемін. Ой, семіріп кетемін деп, мүлдем тамақтан бас тартатын қыздар, дене сымбатын қайтесіз, ең бастысы деннің саулығы. Сағызды жөн-жосықсыз бір сағаттан артық шайнау да, гастрит ауруына себепші болады.

Гүлхан Шакирова,

аудандық аурухананың анестезиолог-дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521