Халықтан пайда табуға жол бермейміз!

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың LІІІ сессиясын, оның төрағасы Рифхат Сұлтанияев жүргізді.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың «Құрманғазы ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері» туралы есепті хабарламасы депутаттармен бірауыздан мақұлданды. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы №228 және аудандық мәслихаттың 13 маусымдағы №42-VІ шешіміне «Ганюшкин ауылының шекарасын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу және Құрманғазы ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов хабарлама жасады. Сондай-ақ, сессияда учаскелік сайлау комиссияларының және аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына өзгерістер енуіне байланысты сессия шешімін қажет ететін хабарламалар тыңдалды. Қаралған барлық мәселелер бойынша шешім алынды. Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасына ұсынылған тізімдер оқылып, депутаттармен келісілді.

Аудандық мәслихаттың LІV сессиясының төрағасы болып депутат А.Хашуова сайланды. - Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шектеу шаралары енгізілді. Ең бастысы өңіріміздің азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Кәсіпкерлермен кездесіп, нан шығаратын зауыттың, дүкендердің қорларын қарап, ондағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жеткілікті екеніне көз жеткіздік. Алыстағы Азғыр өңіріне де азық-түлік жеткізу бастыназарда ұсталады. Күні бүгін шекара жабылғанымен Ресейге үлкен жүк көліктерін өткізуге рұқсат берілгені саудагерлердің дүкендегі қорларын көбейтуге көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені, еліміздегі төтенше жағдайдың уақыты ұзартылуы мүмкін. Осы кезде күнделікті тұтынатын тауардан тапшылық көрмеу үшін Ресеймен сауда-саттық тоқтамайтынын қаперге беремін. Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін, тапсырмаға аса мән бермеген, азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлік субъектілерімен заң аясында жұмыс жасайтын боламыз. Халықтан пайда табуға жол бермейміз, - деді сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Қайрат Нұртаев.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521