2024 жылы 26 наурыз күні «AMANAT» партиясының Құрманғазы аудандық филиалының қолдауымен аудан орта мектептер арасында «Әкем, анам және мен - туристік отбасы» атты сайысы Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің базасында өтті.
Отбасылық сайысты өткізу мақсаты - ол отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау, отбасыларды спортқа баулау, ата-ана мен баланың арасындағы бірілік пен татулық қаситерін нығайту.
Жарысқа Кабдуллаев, Дюсембиев, Башпанов, Джаменов, Хасанов, Ғимранов және Атаевтар отбасы қатысып, төмендегідей нәтижелерді көрсетті:
І-ші орынды Ақкөл жалпы орта мектебінің Джаменовтар отбасы,
ІІ-ші орынды Нұржау жалпы орта мектебінің Кабдуллаев отбасы,
ІІІ-ші орынды Еңбекші жалпы орта мектебінің Ғимрановтар отбасы женді.
Сайыс қорытындысымен женімпаздарға және белсенді қатысқан отбасылар «AMANAT» партиясының Құрманғазы аудандық филиалының алғыс хаттарымен, дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.