Әке жолын жалғаған Мейрамгүл

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде «Әке салған ізбен...» атты дәнекерлеуші Мейрамгүл Айдаралиевамен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Алғашында бастауыш, информатика пәнінің мұғалімі мамандығын бітіріп, сол салада қызмет атқарған жерлесіміздің колледжде талай жыл дәнекерлеу ісімен айналысқан әкесінің ізін жалғамақ ниеті туады. Осы арманның жетегімен APEC PetroTechnic жоғары колледжінде 3 ай оқу курсын аяқтап, «Caspian Contractors Trust» компаниясына жұмысқа орналасады.

img_0318

Қатысушылардың қойған сұрақтары турасында металдарды жоғары қысыммен қыздырудың хас шебері кәсібінің өзіндік қиындықтары мен біліктілікті арттыру жолдарын тұшымды ойларымен жеткізді. Колледж директорының міндетін атқарушы Күнайым Сәрсенова кеш иесінің әкесі Тілекқабыл Айдаралиевтің жақсы азамат, жауапты қызметкер болғанын құрметпен еске алып, нардай жүкті көтерген нәзік жанға ақ тілегін арнап, ұжым атынан гүл шоғын табыс етті.

img_0326

Мейрамгүл Айдаралиева шара соңында студенттерге дәнекерлеу ісіндегі қауіпсіздік ережелері, түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибелік сабақ жүргізді. Мақсат пен ерік-жігердің арқасында алынбайтын қамал жоқ екеніне тағы бір дәлел келтірген әсерлі кездесуден кейін жастардың мамандықты игеруге деген қызығушылығы артқандай болды.

img_0359

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521