Карантин кезінде құрманғазылық кәсіпкерлерге қойылатын талаптар

(0 Votes)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер сату, қоғамдық тамақтану объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар міндетті:

- Әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолданып тазалауды ұйымдастыру (дымқыл);

- Ғимараттардың жабдықтау және шығару құрылғыларын тазалау және түгендеу жүргізу;

- Жұмысшылар мен келушілерді байланыссыз термометриямен және тыныс алу органдарының ауруларының белгілері бар-жоғын тексеру;

- Сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын өзгеріп тұратын қорғаныш маскаларымен, қорғаныс көзілдіріктерімен және резеңке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Нысандарға келушілерді тек медициналық маскаларда қабылдау;

- Сатып алушылардың қозғалысын ажыратып, дүкендердегі және сауда үйлеріндегі барлық кассалардың алдында 2 метр қашықтықты сақтау үшін белгілердің дәлізде орналасуын қамтамасыз ету, кезек құру кезінде адамдарды ғимарттың ішіне өткізу қабілетін ескере отырып, бір-бірлеп кіруіне мүмкіндік жасау;

- Кассадан 10 метр қашықтықта қосымша қоршауларды орнату;

- Кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз ету және азық-түлік бөлімдеріне кірер алдында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құру;

- Шаруашылық субъектілеріне азық-түлік пен қажетті тауарларды үйге жеткізуді ұйымдастырумен тауарларды онлайн режимінде сату үшін интернет-ресуртарды барынша пайдалануды ұсыну:

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521