banerkzbig

Иракта қалып қойған 14 бала елге қайтарылады

(0 Votes)

Елордада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі де оңалту шараларынан өтіп, қазақстандық қоғамға бейімделді. Қазіргі уақытта Ирактан 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың аналары сол жақта өмір бойы бас бостандығынан айырылған», – деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отырыс барысында.

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан мұндай гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. «Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді ол.

Еске салайық, «Жусан» гуманитарлық операциясы - ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сириядан қазақстандықтардың алғашқы легі биылғы 6 қаңтарда елге жеткізілген болатын. 7-9 мамыр күндері аталмыш елден Қазақстанның тағы 231 азаматы оралды. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан елімізге жалпы 357 бала қайтарылды. 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өткізілген еді.

Осы категория бойынша: « Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды Ұлыбританияның азаматтық авиация агенттігі Қазақстанға қолдау көрсетеді », деп хабарлайды www.24.kz.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig