Қиғаштан өту қинап тұр

(0 Votes)

Көптоғай ауылдық округінің әкімі Батырбек Балтаевтың есепті баяндамасында көптеген мәселелер ескеріліпті.

Біраздан шешімін таппай жүрген округ теңгеріміндегі «Славный» суда жүзу кемесі 2019 жылдың тамыз айынан бастап жеке кәсіпкер С.Сдыховқа 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілгенімен 1948 жылғы шыққан кеменің әбден тозығы жетіп отырғанын айтып өтті. Жыл ішінде Балықшы ауылына «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша кіші футбол алаңы жасалып, пайдалануға берілгенін, осындай алаңның алдағы уақытта Көптоғайда да салу жоспарда барын, Балықшы ауылына 5 нүкте көше жарық шамы орнатылғанын, санитарлық тазалық айлығы кезінде екі ауылда 200 түп ағаш отырғызылғанын қаперге берді. Сондай-ақ, иесіз деп танылған электр желілері мен бағамдарын ауыстыру, жазғы су құбырын тарту, кірме және ауылішілік жолдар салу, жедел жәрдем көлігін шешу және «Ақтоты» бөбекжай балабақшасының материалдық базасын жақсарту сияқты проблемалық мәселелер барын еске салды.

img_9282

Сөйлеушілерге кезек берілгенде алдымен Балықшы ауылының тұрғыны Нүркен Ізбатыров жеке бастың емес барлық ауылдастың жанайқайын жеткізді. – Қазіргідей бір қатып, бір еріп тұрған шақта Қиғаштан өту қинап тұр. Екі ортаның тасымалына шығарып қойған зауыттың катамаран типті кемесі шәуіш тұрса болды жүре алмай қалады. Мұзды жарып өтуге моторының қауқары жетпейді. Әбден мұз бекіп болмай Шортанбай бетке балалардың сабаққа, қызметкерлердің жұмысқа баруына еш мүмкіндік болмай қалады. Бір апта балалар сабақтан қалды, ересектер жеті шақырым жердегі Жасталап өткелі арқылы қатынады. Қазіргі уақытта тақтай жол тасталған соң ғана шешілгендей болды, бірақ мұның да қаншаға дейін жәрдемші боларын ешкім білмейді. Біздің ауыл болып сұрап отырған өтінішіміз сол Жасталаптағы жүзбелі өткелді бізге жақын маңға қойса дейміз. Осылай етілер болса біраз мәселе өз шешімін табар еді, - деген оның сөзін өкпе-назын арқалап келген бір топ балықшылықтар қоштай кетті.

img_9286

Бұл мәселеге орай жауабын берген ауыл әкімі округтің қоғамдық кеңес мүшелері жүзбелі өткелдің орнын өзгерту тиімсіз деп шығарған қаулысы барын айтқанымен жиынға қатысып отырған аудан әкімі Қайрат Нұртаев тұрғындар өтінішін зерделеп қарастыру мақсатында аудан әкімінің орынбасарының төрғалығымен арнайы комиссия құратынын жеткізді.

img_9287

Құрманғазы шекара комендатурасының штаб бастығы Абылайхан Сейдолхановтың жиынның талқысына салған Ресей және Қазақстан шекара қызметінің екіжақты басшылығы ұсынған Көптоғай-Теплинка жеңілдетілген шекара өткелінің сенбі-жексенбі және мереке күндерінен басқа кезеңде өткізу уақытын шектеу туралы хабарламасы тұрғындар тарапынан да, әкімдер тарапынан қолдау таппады. Жиында ардагерлер Ө.Зиноров, С.Ибраева ауыл әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағасын берді.

img_9290

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521