Ерікті болу – ерлік

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2020 жыл – Еріктілер жылы» деп бекіткені баршаға аян.

Осыған орай аудандық Жастар ресурстық орталығы мен орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ерікті болу – ерлік» атты дөңгелек үстел өтті. Жастар орталығы маманы Қайыржан Бауыржанұлы: «Мұқтажға көмек қолын созып, қайырымдылық жасау - қазақ халқының ежелден қанында бар қасиет. Сол тұрғыда орталықта түрлі шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмысшылар таңдап алынып, қоршаған ортаны гүлдендіруге үлесін қосуда. Қадірлі істің басы-қасынан табылуға ниетті жандар болса, бірлесіп іс қылуға әрдайым дайынбыз»,-деді.

img_8768

Орталықтың жастар ісі жөніндегі инспекторы Дархан Ерғазиева аудан еріктілерінің қатары көбейіп келе жатқаны, «Құрманғазы» қоғамдық қорының атқарған шаралары турасында әңгіме өрбітті. Қызметкер Нұрлан Жеткеншекұлы тағылымды бастамаларға талпынысы зор жастардың сұрақтарына тұщымды жауап беріп, мемлекет тарапынан еріктілерге үлкен қолдау көрсетілетінін атап айтты.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521