banerkzbig

Екі жылда 643 адам бизнестің қыр-сырын үйренді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына кіретін «Бастау Бизнес» жобасы өз мәресіне де жетіп қалды.

Жақында осы жыл бойынша оқудың алтыншы ағыны қатысушыларының соңғы қорғаулары болады. Аталмыш жоба осы ауданда 2018 жылдың наурызынан жүзеге аса бастады. Ол арқылы ауылдағы жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жастар және көп балалы аналар мемлекеттік қолдау көмегімен өз кәсіптерін аша алады. Құрманғазы ауданында 2018 жылы жоба аясында 263 адам бизнес негіздері бойынша білім алса, олардың ішінен 63-і жеке ісін ашуда жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Ал 3-еуі қайтарымы жоқ мемлекеттік грантқа ие болды. Курсқа қатысқан 263 тыңдаушының 70-і Сүйіндік ауылында оқытылғанын қаперге береміз.

atameken

«Бастау Бизнес» жобасының бүгінгі алтыншы легінде 59 адам білім алуда. 2019 жылы барлығы 280 адам оқытылды.Сондай-ақ, биылғы «Жастар жылы» аясында жасы 29-ға толмаған қыз-жігіттерге арналған «Жас кәсіпкер» оқу курсы жүзеге асып жатқанын атап өткіміз келеді. Оған аудан бойынша 100 адам қатысуға ниет білдірді. Яғни, 2019 жылы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсы 380 тұрғынды қамтыды. Олардың 40-ы өз бизнестерін ашуға жеңілдетілген несие алса, 54-і қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды (оның ішінде 43 грант «Жас кәсіпкер» бойынша). Курстан өткен бесінші лек қатысушылары бүгінгі таңда несие мен грантқа құжат рәсімдеу үстінде.

atameken2

Аудан бойынша кәсіп ашуда басымдық танытып отырған сала – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мүйізді ірі қара, жылқы, түйе, қой және ешкі малын өсіру екенін атап өткен жөн. Бұдан басқа да осы жоба аясында шаштараз, жүк және жолаушы тасымалы, сұлулық салондары, көлік жөндеу, тамақтану орталықтары сияқты т.б кәсіп түрлері ашылып, жолға қойылды.

atameken4

Осылайша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екі жыл ішінде оқыған 643 адамның үштен екі бөлігі халықтың экономикалық белсенді қатарын толықтырды. Оған қатысушыларды жобаның бизнес-тренері әр топты бір ай бойы оқытып, кейіннен бір жыл сүйемелдейтін болады. Ең біріншіден, бизнес-тренер мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шығарылған нақты жобалардың менторы және серіктестері екенін ұмытпаған абзал. Жоба аудиториясы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Әдетте, ауыл адамдарының қала тұрғындарымен салыстырғанда бизнес жасауда мүмкіндіктері шектеулі. Көбісінің ол туралы түсініктері толықтыруды, жетілдіруді қажет етеді. Ал бизнес-тренердің басты міндеті – ынтасы мен ниеті, қабілеті бар әрбір жанға кәсіп ашу мүмкін екенін, бизнесті құру және жүргізу жолдарын сөзбен ғана емес іспен сендіріп көрсету, қатысушыларға оқыту мен кеңес беруден басқа, оларды әр түрлі мемлекеттік органдармен өзара байланысқа түсуге үйрету. Жоба аяқталғаннан кейін де курсты тәмамдағандар кез келген сұрақтары, бизнестегі қиындықтары болса, жергілікті кәсіпкерлер палатасымен байланысып, тиісті кеңестер алуға толық мүмкіндігі бар.

atameken3

«Бастау Бизнес» жобасы – мемлекеттік бағдарламаның ішіндегі тиімді бағыттардың бірі, өйткені мұнда атаулы қолдау көрсету жүреді. Осы уақытқа дейін, әрине, негізгі білімді беретін әр түрлі екі-үш күндік курстар өткізілді. Алайда, ауылдық елді мекендердегі бизнес-бастамаларды жекелеп сүйемелдеу қарастырылмады. Ал аталмыш жоба бұл түйткілдердің бәріне толықтай өз жауабын береді.

Әсемгүл Қадірхан,

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Құрманғазы аудандық филиалының бизнес-тренері

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig