Дін мәселесінің семинары

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият – біртұтас ұлт тұғырнамасы» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оған мемлекеттік қызметкерлер, ауылдық округтердің дін саласына жауапты мамандары мен «Дінтану» пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелерін ғылыми-зерттеу және талдау орталығының «Ғылыми-зерттеу және әдістемелік» бөлімінің басшысы Жарас Аханов «Әлемдік діндер мен олардың бағыттары», «Экстремистік және террористік ұйымдардың дінді бетперде етіп алуы», «Дін саласындағы мемлекеттік саясат», «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары», «Зайырлылық және жоғары руханият-дәстүрлі таным негізі», «Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары» тақырыбында қатысушыларға ақпарат берді. «Ақпараттық талдау орталығының» бөлім басшысы Мейірбек Құбышев шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, Атырау қаласынан «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорының теолог мамандары ауданымызға бір апталық іс-сапармен профилактикалық-оңалту жұмыстарына орай келіп, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен және Шортанбай, Дыңғызыл, Байда ауылдық округтері тұрғындарымен кездесті.

Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ,

студент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521