banerkzbig

Дәулеткерейге ескерткіш белгі орнатылса

(0 Votes)

Округтің ардагерлер ұйымының төрағасы Ғаділхан Қалиев қоғамдық ұйымның жыл ішінде атқарған жұмыстарынан аз-кем хабардар етіп, аудан, округ әкімдері тарапынан қариялар мен егде жастағыларға жасалып жатқан қамқорлықтарға ризашылығын білдіріп, жас әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Сонымен қатар, ауылға есімдері берілген Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына, күйші Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай мәдени шаралар өткізуді жоспарлауды қаперге беріп өтті.

img_9480

Аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев өзекті деген екі ұсынысын қосты.– Ауылдағы мектепке жаңа ғимарат қажеттігі көптен айтылып келеді, менің ойымша алдымен осы ғимараттың ішкі электр желілерін ретке келтіріп алуымыз керек. Жаман айтпай жақсы жоқ, бір жерден қысқа тұйықталу бола қалса барымыздан айырылып қаламыз ба деген қаупім бар. Кәріздің суын соратын вакуум техникасының пайдалану мәселесін шешіп алуымыз қажет. Жанашырлық танытып жанар-жағармайына, басқа да керек-жарақтарына көмектесіп келеміз. Бұлай жалғаса бермейтіндігі де өзінен өзі түсінікті, оның үстіне жақында екінші үш қабатты көппәтерлі үй берілмек. Сондықтан тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізіп, коммуналдық шығынды жинаттыру мәселесін тезірек шешкен дұрыс.

img_9476

«Ақжонас» ЖШС директоры М.Шаяхметов Қошалақтың жолын екі көлік қатар сиятындай етіп кеңейтуді, Подхоз елді мекеніне өтетін көпірді жәндеуді мәселе етсе, тұрғын А.Меңдешова Қосарал учаскесін жабайы қоқыс алаңына айналдырмауды ескертті. Шаруагер Т.Мақымғалиев малмен отырған өзінен басқа егіншілікпен айналысатын екі қожалықтың барын айтып Қаражар учаскесіне су жеткізу үшін өзектердің түбін тереңдету жұмыстары қолға алынғанға дейін Мальцев каналын эксковатормен болса да қазу мүмкіндігі қарастырылса деді.

Жеке кәсіпкер Н.Кәрімов автотрасса салыну барысында жол бойындағы дәмханалардың да абаттандырылуы жүргізілсе қаржылай көмектесуден қашпайтынын қаперге берді. Сондай-ақ, Дәулеткерей күйші өмірге келген маңның жол іргесіне ескерткіш белгі қойылса деген ұсынысын да қоса кетті.

Ауыл тұрғыны Г.Есетованың 49 жылғы жалға алған жерін жекешелендіріп алуға бола ма деген сұрағына аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастыры бөлімі басшысының орынбасары М.Хасанов тиісті заңдылықтарға сай ауыл маңына жақын орнласуы себепті сатып алуына болатын жолын түсіндірді.

img_9470

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Нұртаев Азғыр өңірін газдендіру, байланыс жүйесін жақсарту, су, жол мәселелерін шешу бойынша атқарылған жұмыстарға, Атырау-Астрахан республикалық тас жолын бағытындағы істерге тоқтала келіп, тұрғындар көтерген мал өткізу тонелін салуды қарастыру, өзен түбін тереңдету бағытында жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті.

А.МЕЙІРМАНОВ

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig