"Дүниежүзілік пошта күні" атап өтілді

(0 Votes)

Дүниежүзілік пошта күніне орай «Қазпошта» АҚ Құрманғазы аудандық бөлімшесінде таң сәріден мерекелік көңіл күй орнаған.

Залдың іші түрлі-түсті шарлармен безендіріліп, жеміс-жидек ұсынылған дастархан әзірленген. 

«Қазпошта» АҚ аудандық филиалы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатқан, пошта және қаржы қызметін көрсетуде сенімді оператор ретінде өзін танытып үлгерген ұжым. Заманауи пошта қызметі бүгінде түбегейлі өзгерістер үстінде. Жасыратыны жоқ, осыдан 26 жыл бұрынғы пошта қызметі мен бүгінгі бейнесі салыстыруға келмес. Атаулы күнде оның жеңістері мен жетістіктеріне тоқталсақ, сұрыптаушылар мен жүргізушілердің арқасында пошта жөнелтімдерінің мерзімі қысқарды. Мәселен, сіздің сәлемдемелеріңізді жерүсті және әуе көлігімен тиімді бағада еліміздің кез келген өңіріне, тіпті, шетелге де жіберуге мүмкіндік бар. Мұның басты артықшылығы неде? Жіберген затыңыз қысқа мерзім ішінде өзіңіз жолдаған мекенжайға барады. Бұл – бір. Екіншіден, жеткізу қауіпсіз. Затыңыз бүлінбейді, жоғалмайды. Онлайн арқылы қадағалай аласыз. Көрсететін қызметтеріміздің барлығы сіздің қаржыңызды үнемдеп, сападан ұтылмауға ықпал етеді. Сонымен қатар, пошташыларға даму үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда, бөлімшелер ірілендіріліп, қызметшілер франчайзингке қызығушылық танытуда.

img_3013

Құрманғазы аудандық пошта байланыс торабының басшысы Виктор Түсекеев құттықтау тілегін жеткізіп, күн сайын халықпен жұмыс істеп, қажетті қызмет көрсететін орын әрбір тұтынушыға жайлы орта қалыптастыру керектігін, сала мамандары алдына келген адамға жылы қабақ танытып, тіл табыса білудің маңыздылығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, төлем төлеушілерге мерекеге орай ұйымдастырылған кәсіби акцияның негізгі шартымен таныстырды. Оператор Сымбат Стаханова кездейсоқ сандар генераторы арқылы тегін лотерея ұтыстарын ойнатып, тұтынушыларға қолма-қол акшалай сыйлық ұсынды. Құрманғазы аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары Айгүл Тілеуғалиева электронды кезекпен келген қызмет алушыларға бағалы сыйлықтар, газет-жорналдар, конверттер табыстады.

img_3015

Мерекелік басқосуда үздік қызметкерлерді ынталандыру мақсатында олардың бірқатары алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521