Болашақтың мектебі бүгіннен басталады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде 2019-2020 оқу жылының басталуына орай «Білім және ғылым» тақырыбындағы педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі аудандық форумы болып өтті.

Жиын басталар алдында қатысушылар «Білім беру жүйесін жаңартудың шығармашылық алаңы» атты шағын көрмемен танысты.

img_4176

img_4191

img_4197

Пленарлық мәжіліс «Болашақтың мектебіне бет алу: білім берудегі жаңа стратегиялар мен мен мүмкіндіктер» атты бейнеролик көрсетіліммен басталды. Онда аудандық білім беру бөлімінің жыл ішіндегі атқарған жұмыстары, жетістіктері назарға берілді.

img_4201

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев тамыз форумына қатысушы педагог мамандарды мерейлі сәттерімен құттықтады. - Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Бізде білімді ұстаздар, талапты жастар жеткілікті. Оның айғағы мұғалімдердің облыстық форумында Ломоносов орта мектебінің география пәні мұғалімі Айғаным Артмұханбетова Ы. Алтынсарин медалін өңіріне қадаса, Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахытгүл Өтегенова «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мемлекеттік тіл және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада өз білімдерін дәлелдеді. Республикалық ұлттық мектеп лига ойындарында І орынды жеңіп алған Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің аяқдопшы қыздарын, «Театрдың ғажайып әлемі» байқауынан ІІІ орын алған Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің «Нұршуақ» балалар- жасөспірімдер театрын атап өтуге болады, - деп үздік білім беру мекемелерін, мектеп жанындағы лагерьлерді жақсы ұйымдастырғандарды ұлығылады.

img_4230

img_4246

Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Баққызы да құттықтап, бір топ қызметкерлерді ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.

img_4264

Форумда «Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Анаргүл Рамазанова, Абай атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бахытгүл Өтегенова, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ұлмекен Сапарова, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының мұғалімі Айбек Өтепов, аудандық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Әуез Ізжановтар сөз алып, білім беру саласын жетілдірудегі өз ойларымен бөлісті.

img_4275

img_4294

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева жаңа оқу жылына қойылар міндеттер мен оларды жүзеге асырудағы бірқатар тапсырмаларды атап өтті.

img_4296

img_4299

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521