"Nur Otan” партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұртаев Қайрат Талапұлының қолдауымен, аудандағы жергілікті мекеме, кәсіпкерлер мен қоса жеке тұрғындардың демеушілігімен көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты қарияларға гигиеналық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар мен азық-түліктерді әкеліп, көмегін тигізіп үлкен сауапты іс атқаруда.
Филиал қызметкерлері мен "Jas Otan” ЖҚ еріктілері үйлерге тарату жұмыстарын мереке күндері болса да демалмай жалғастыруда.