Ақкөл жастары - белсенді

(0 Votes)

Биыл елімізде "Еріктілер жылы" деп жарияланғаны баршамызға аян. Ақкөл жастары "Біргеміз" тақырыбында Ақкөл орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Оған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Амантайұлы қатысты. Жастармен жүздесуді Арайлым Жәсенқызы ашып, кездесу барысында «еріктілер деген кімдер, олардың жұмысы, жастар «ерікті» деген сөзді қалай түсінеді, олардың мақсаты не?» деген сұрақтарға жауап берілді. Оқушыларға облысымыздағы ең мықты деген еріктілердің фотолары, Ақкөл жастарының былтыр өз еріктерімен атқарған жұмыстарының бейнематериалдары ұсынылып, кімдерге қарап үлгі алу керек екендігі жөнінде ақыл кеңестерін жеткізді.

Наурызбай Амантайұлы жастар арасында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Іні - қарындастарын мамандық таңдаудан қателеспеуге шақырып, болашақта дәрігер болуды қалайтын Әсемгүл Иғламқызына Михаил Булгаковтың "Записки юного врача" атты кітабын табыстап, игі тілегін білдірді. 

Елеусін Ибрагимов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521