banerkzbig

Бірегей басшы, шебер ұйымдастырушы, білікті ұстаз

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің акт залында саналы ғұмырының 40 жылдан астам уақытын ұстаздыққа арнаған, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, аталған білім ошағының директоры Марат Ғилаевтың «Дара жол» бағдарламасы негізіндегі шара көңіл толқытардай өнегеге толы болды.

Алдымен, аудан әкімі Қайрат Нұртаев жылы лебізін білдіріп, кештің өз деңгейінде өтуіне сәттілік тілеп, мерейгерге Құттықтау хатын табыстады. Ардагер ұстаз Меңдіхан Бақтыгерейұлы өңірге келген жаңа басшының қызметіне ақ жол тіледі.

Кездесу кешін жүргізген Әуезов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Анар Саясатқызы Марат Ғилаұлының әкесі Қила мен анасы Мағрипадан өрбіген салиқалы ұрпақтары, отбасылық өміріне кеңінен шолу жасап, ата-ана мен бауырлардың арасында түскен сарғайған фотосуреттерді көпшіліктің назарына ұсынды. Дара жолдың сырлы сұхбатында апасы Ләззат апай мерейтой иесінің балғын балалық шағы туралы өткенді еске алса, ардагер-ұстаз Иса Қараменов білімге, спортқа деген қызығушылығын оятқан мектеп күндерінен сыр шертіп, оларды оқытқан мұғалімдердің арасынан жалғыз өзі қалып жүргенін айтып, көңілі толқыды. Сыныптасы, әрі курстастары Мукарима Тілеуғалиева, Қарашаш Сайфеденқызы, «Мерке» шипажайынан бейнеролик арқылы хабарласқан Рабиға Өтепбергенқызы кеш иесінің азаматтық келбетіне, өмірлік ұстанымдарына, студенттік кезеңнің қызыққа толы жайттарына тоқталды.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig