«Бейбіт шеру» бостандығы берілмек

(0 Votes)

Ел билігі бірнеше күн бұрын бейбіт шерулер туралы заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде бұл мәселе туралы жан-жақты түсінік берді. Ол 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заңға өзгеріс енгізудің негізсіз екендігіне тоқталып, жаңадан заң жобасын қабылдаудың қажеттігін атап өтті. Оның артықшылығы неде?

Біріншіден, елімізде бейбіт жиналыс өткізудің аралас тәртібін енгізу көзделіп отыр. Ол «хабарлама» және «регламенттелген» түрлерінен тұрады. 250-ден артық адам қатыспайтын жеке пикет, шағын митинг, ұсақ жиналыстар үшін хабарлама тәртібі қарастырылған. Оны өткізу үшін ұйымдастырушы жергілікті әкімдікке сол ниеті туралы хабарлама жіберсе, жеткілікті. Ал, 250-ден көп қатысушы жиналатын үлкен шеру, демонстрация, митинг және жиналыс үшін «регламенттелген тәртіп» қарастырылады. Яғни, өткізу тәртібін әкімдік белгілейді. Бұлай етіп тәртіпті екіге бөлу оңтайлы қарастырылған өзгеріс деп айтуға болады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушыға халықты көп жинау үшін шерудің уақыты, орны туралы ақпаратты хабарлай отырып, көшедегі жүргіншілерді осы іс-шараға қатысуына, үгіт жүргізуіне рұқсат етілмек. Осыған дейінгі қолданыстағы заңда бұған тыйым салынған еді. Жобаның басты жаңалығының бірі журналистердің қауіпсіздік мәселесінің қатаң бақылауға алынуы.

Сондықтан, бұл заң жобасын өз басым қызу қолдаймын. Алайда, елді дүрліктіріп тек митинге шығып, мәселені шешеміз деу – қате ұғым екенін естен шығармағанымыз абзал. Арандатушылардың жетегіне еріп, барымызды жоғалтып алмасақ екен.

Елеусін Ибрагимов,

Ақкөл ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521