banerkzbig

Бақытгүл Бабаш туған жеріне төркіндеп келді

(0 Votes)

Ұлтымыздың өткенінде ерекше мәнге ие, ел мен елді жақындастырып, алыстаған арасын жақындатып, қайта табыстыратын «төркіндеу» атты дәстүр бар.

Халқымыз әйел баласына тікелей қатысы бар төркіндеу дәстүрін әрбір қызға парыз еткен. Ұзатылған қыз барған жерінде етек-жеңін жинап, қайын жұртына үйреніп, перзент сүйіп, аяулы анаға айналғанында міндетті түрде бұл жоралғыны жасауы керек.

img_3177

«Ауыл мәдениетін ұйымдастыру жұмысындағы жаңа серпін» атты мәдениет қызметкерлерінің облыстық тәжірибе алмасу семинары аясында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде қазақ өмірінен қалыс қалып, өшіп кету алдында тұрған дәстүрімізді тереңірек түсіндіру үшін аталмыш салтты насихаттау шарасы ұйымдастырылды. Алдымен үлкен экраннан ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шабыт фестивалінің бас жүлдегері, жерлесіміз Бақытгүл Бабаштың өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша бейнефильм назарға ұсынылды. Бұдан кейін туған жеріне төркіндеп келген қызымыз Бақытгүлді ауыл ақсақалдары Өмірзақ Қажымғалиев, Орынғали Құмарғалиев, Ханат Айтжанов, анасы, ағайындары, сыныптастары қошеметпен қарсы алды. Бақытгүл де қаладан жалғыз келмей өмірлік жарын, балаларын, абысындарын ерте келіпті. Дәстүрлі әнші Руслан Исмагулов жерлесіміз, ақын Серікбол Хасанның сөзіне жазылған арнауымен ашып, жиналған көрерменді еліте түсті.

img_3182

Сахна төріне жайылған дастархан басына мәре-сәре болып жайғасқан үлкен-кіші қыздарының хал-жағдайын сұрады. Жыр қаламынан сыршыл лириканың мөлдірімен оқырманын сусындатып, бүгінде журналистикада өткір мәселелерді көтеріп жүрген Бақытгүл шығармашылық жаңалығымен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, туған жерге арнаған «Құмдағы құтты Құрманғазы» атты кітап жазып жатқанын қаперледі.

img_3186

Келген құдағайлар жөн-жоралғыларын жасап, қолдарынан келгенше сый құрметтерін көрсетті. Бақытгүлдің қайын жұрты да құр алақан қайтпады. Оларға да көйлек кигізіліп, иықтарына ақ жаулық жабылды. Осы бір әдемі, жып-жылы мейірімге толы көрініс арқылы халқымыздың дәстүрлерінің озық үлгісі көпшілікке тағы бір паш етілді. Дастархан басына жиналған ағайын-туыс, ұстазы Майра Шайхиева ақжарма тілектерін ақтарып, Фариза ақынның ізінен ерген Бақытгүл қыздарымен әркез мақтанатындарын айтып, поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар оның болашағынан үлкен үміт күтетіндерін жеткізді.

img_3188

Қадыржан Хасанов, Толыбай Қажыгереев, Жалғас Сағындықов сынды аудан өнерпаздары әсем әндерін тамылжыта орындаса, «Жиделі» фольклорлық ансамблі Құрманғазының күйлерін күмбірлетті. Көркемсөз оқу шебері Альбина Қабекешова ақынның өлеңдерін оқыды.

img_3189

Соңында кешті жүргізуші Болат Бидоллаев келген қонақтан кәде сұрап, Бақытгүл ақын жерлестерін сыршыл да мұңды жырларымен сусындатты.

img_3197

Кешті қорытындылаған облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Бақытбек Сартбаев жоғары әрі шынайы деңгейде өткен шараның мән-маңызына, Бақытгүл Бабаштың шығармашылығына тоқталып, Құрманғазы аудандық мәдениет бөлімінің соңғы 5 жылда жеткен зор жетістіктерін тілге тиек етіп, кеш қонағына гүл шоғын ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров те жерлесімізге аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап, сый-құрметін көрсетті.

img_3198

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig