banerkzbig

Бақпасаң, мал кетеді

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде, мал ұрлығы қылмысының алдын алу және қыстақтарды тексеру арқылы заңсыз адамдарды ұстау фактілерін анықтау бағытында жүргізілген жұмыстар» туралы АПБ ЖПҚб-нің бастығы Талғат Исаевтың хабарламасы тыңдалды. – Мал ұрлығы бойынша ашылған қылмыстарға талдау жүргізсек: Ресей Федерациясының азаматы А.Сүндетов Астрахан облысы, Краснояр ауданының тұрғыны, 2019 жылдың қараша айынан бастап «Ақсарай» ауыл шаруашылық кооперативінің 4 бас түйе малын таба алмай жүргендері жөнінде арызданды. Тергеп-тексеру барысында Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылының тұрғыны М.Нұрышев шекарадан өздері жайылып жүріп өтіп кеткен 4 бас түйені мал қорасына қамап, табыралап, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғынына сатып жіберген. Олар жүк көлігіне тиеп алып келе жатқан жерінен әкімшілік аймақта учаскелік полиция инспекторларымен патрульдеу жүргізу арқылы тоқтатылып, тексеріс барысында 4 бас түйенің құжаттары сәйкес келмей ұрланған екендігі анықталды. Қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуіне байланысты өндірістен тоқтатылған.

i

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Қазанғап учаскесінің тұрғыны Н.Саматов белгісіз адамдар өзінің меншігіндегі өрісте жайылып жүрген 10 бас жылқы малын белгісіз біреулермен жасырын жымқырылғаны жөнінде арызданды. Бұл қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Сүйіндік ауылының учаскелік полиция инспекторларымен ашылған. Атап айтқанда, А.Әділғалиев және А.Исқалиев алдын ала өзара келісіп, Бөкей Ордасының өрісінде жайылып жүрген 10 жылқының 5-еуін көліктеріне тиеп, аулаларына қамаған. Содан соң, қалған 5 жылқыны алып келе жатқан жерінен учаскелік инспекторлармен тоқтатылып, тексеру кезінде ұрланған малдар екені анықталған. Қылмыстық іс сотқа жолдану үшін БҚО-ның полиция департаментіне жолданды.

Құрманғазы АПБ-не Жасталап, Нұржау ауылдық округтерінің тұрғындары Насихат Машахаев, Нұркен Оразғалиев 2018 жылдың тамыз, шілде айларынан бастап қазіргі уақытқа дейін өздерінің меншігіндегі бір-бір бастан сиыр малын «Шешен» учаскесіндегі өрістен жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлаған. Нұржау ауылдық округінің тұрғыны Айтжан Ізбасаров екі жылдан бері Жамбыл ауылына қарасты Қызылмұрын учаскесіндегі жайылыстан бір бас сиыр малын тауып беруді өтініш еткен. Осы үш қылмыстық іс бойынша жедел-оперативтік іздестіру шаралары барысында Жасталап ауылдық округінің тұрғыны А.Назаров аталған малдарды әр түрлі уақытта айдап әкеліп, өзінің қорасына қамаған. Біреуін пайдаланып, келесісін сатып, үшіншісін сойып сатып өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асырған.

Бүгінгі таңда 4 ашылмаған мал ұрлығы бар. Бұл қылмыстарды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Ұрланған төрт-түлік жеке бақташының жоқтығынан орын алуда. Жәбірленушілер де малдарынан көз жазып қалғанын біраз уақыт өткен соң байқап, өздері айдың үстінде іздестіріп барып, полицияға тым кеш шағымданып отыр.

- Әр малдың жеке сипаттамасы болуы керек (түрі, тұқымы, түсі, жынысы, жасы, ені, жеке және физиологиялық таңбасы);

- Малды көзден таса қылмауды ескеру қажет. Жеке жайылымда қорғаныс шарасы ретінде темір кісенді қоршау құлпымен қолданған жөн;

- Ауыл әкімдері мен ішкі істер органдарының келісімі арқылы түнгі уақытта мал тұратын жерлерге күзет ұйымдастырылуы тиіс;

- Анықтамасыз мал түрлерін сатпау, оны міндетті түрде жергілікті әкімшілікке, ветеринарлық есепке тіркеу қажет,

- Малды жайылымға бақташымен жіберу - деп хабарламашы ұрлыққа жол бермеу мақсатында аудан тұрғындары аталған қағидаларды қатаң сақтаулары қажеттігін ескертті.

Комиссия төрағасы Қ.Нұртаев малдарды сырғалау қаншаға шығатынын сұрап, ол орын алған қылмыстарды анықтауға оның едәуір көп көмегін тигізетінін алға тартты. Аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиев бақташы ұстамай өрістен малдары жоғалған иелеріне қандай шара қолданғандарына қызығушылық танытты.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы мал ұстаған ауыл тұрғындары қағидаларды бұзған жағдайда әкімшілік тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етіп, бұл жөнінде округ әкіміне үнемі түсінік жұмыстарын жүргізуді міндеттеді. Келесі кезекте Қиғаш, Дыңғызыл, Көптоғай ауылдық округтерінің әкімдері Жігер Жанханов, Оралбай Азимов, Батырбек Балтаев, Шортанбай ауылдық округ әкімінің міндетінатқарушы Сандуғаш Сейтекова құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Хабарламашылар комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптарын қайтарды.

А.Шакупова

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21