Бөлімде жаңа басшы

(0 Votes)

Мақсотов Қайсар Еркінұлы мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың өкімімен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Қайсар Мақсотов 1992 жылы 30 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында дүниеге келді. 2011 жылы Ақтөбе экономика-қаржы экономикалық колледжін бітіріп, қаржыгер мамандығын алған. 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясының экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құқық бакалавры атанды. Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Құрманғазы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастап, 2015 жылдан Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2017 жылдың 23 мамырында Құрманғазы ауданы әкімдігінде өткен аттестаттау қорытындысы бойынша 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 63 бабының 6 және 7 тармағы негізінде мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылды. Осыған байланысты бос тұрған Е-R-3 санатындағы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және коммуналдық секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 2018 жылдың 2 мамырынан бастап Е-R-1 санатындағы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521