banerkzbig

«Қазтест» - тиімді жүйе

(0 Votes)

Мемлекетпен қоғамды ұйымдастырушы күштің бірегейі – мемлекеттік тіл. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына қол қойылды. Бұл құжаттың басты ерекшелігі – Елбасының тікелей араласып, өз қадағалауында болуы.

Аталған заң елімізде мемлекеттік тіл саясатын салиқалы жүргізуге негіз болды. Осыған орай республикамызда оңтайлы тіл саясатын жүргізу мақсатында кезең-кезеңімен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген өнеге, халықтар арасындағы достықтың бастауы ретінде 1998 жылы Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен атаулы күндердің тізбесіне ҚР халықтарының тілдері күні енгізілді. Тіл тазалығы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Рес¬публикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі №835 Қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Бұл әсіресе халықпен үнемі тығыз байланыста болатын мемлекеттік қызметшілер үшін қажет дүние деп ойлаймын. Тұжырымдамада «ҚАЗТЕСТ» жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Осыған орай халықаралық тәжірибелерге (ІЕLТS (Ұлыбритания) және ТОЕFL (АҚШ) сүйене отырып, тілді білуді бағалаудың көпдеңгейлі «Қазтест» жүйесі әзірленді. Осы ретте қазақ тілін меңгерудің тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар және бес деңгейлік оқу-әдістемелік кешен бекітіліп, қолданысқа енгізілгенін айтуға тиіспіз. Әр деңгей «Тыңдалым», «Лексика-грамматика», «Оқылым», «Жазылым» сияқты 4 бөліктен тұрады. Қазіргі күнде «ҚАЗТЕСТ» – бұл республика аймақ¬тары¬на толыққанды енген үдеріс деп айтуға болады. Мақсат бір – мемлекеттік тілді түрлі себептермен мең-гермеген азаматтарды, жұмыс орнында қазақ тілінде хат алмасуы қиындық келтіретін, әріптестерімен басқа тілде сөйлесетін қызметкерлерді қазақ тілін оқуға деген ынтасын тудырып, тілдік білімін жетілдіруге тарту.

«Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері жыл сайын тест тапсырып келеді. Олардың әрқайсысына аталмыш деңгейді меңгергендігі жөнінде сертификат беріледі. 2017 жылы наурыз айында бұл бағытта көшпелі семинар ұйымдастырылды. Оған 25 мемлекеттік қызметкер қатысты. Сонымен қатар, 20 қыркүйекте «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» тақырыбында 1 күндік көшпелі семинар өтті. Тамыз-желтоқсан айлары аралығында «Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту» курсы ұйымдастырылып, оған түрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілер белсенділік танытып, өздерінің біліктіліктерін көрсетті. Тіл болашағы – ұлттың болашағымен өзектес. Елбасымыз айтқандай, «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы маңыздысы бола береді».

Ақсұңқар Сабрияева,

аудан әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig