banerkzbig

Қазірдің өзінде 700 тонна дайындады

(0 Votes)

Құрманғазы өндірістік кооперативі мал азығын дайындау науқанына сақадай сай дайындықпен биыл да ерте кірісті.

Дәлірек айтқанда қыстық мал азықтық қордың негізгі бөлігін беретін «Қызыл оба» алқабына осыдан бір ай шамасы уақыт бұрын орақ салынды. Нәтиже жаман емес, өзге әріптестерінен көш ілгері жағдайы бар. Олай дейтініміз сындарлы шаққа 1300 тонна қажеттіліктің күні бүгін 700 тоннасын орып, дайындап, тайлап та үлгерді. Тайланған шөпті елжанды, депутат азамат Сабыржан Сұлтанов алдымен ауылдастардың қажетіне арнайды. Дыңғызыл округі, жалпы Қиғаш бойынан тұрғылықты халықтың қайсысына пішен қажет, алдын ала кооператив кассасына керегіне орай ақшасын төлеп қояды. Ал, ар жағындағы шаруа аталған ұжым басшылығының мойнында. Қазірдің өзінде кооперативбойынша жүздеген отбасылар қыстық мал азығымен қамтылып болды.

Өр суының шабындықтарды баспауына қарамастан құнарлы өңір – «Қызыл оба» бойындағы шөп шығымдылығы көңілдегідей. Биыл бір тәуірі жаңбырқайтасын-қайта нөсерлеп жауды. Содан да болар, судың аңғарында балауса құрақ тербеледі. Іржәніктің толысып піскендігін аңғару қиын емес. Бригада жетекшісі Мусағалиев Жәдігердің бұл шөпші жігіттермен істес болуы бірінші рет емес. Жанар-жағар май, қажетті техника бөлшектерінен кідіріс жоқ. Пішеншілер қосы талаптар деңгейінде жабдықталған. Сорпалық ет, макарон, нан, шай, көкөніс қажеттеріне орай жеткізіледі. Олардың түрлі сұраныстарымен қамтамасыз етілуіне кооператив басшысы Сабыржан Сұлтановтан бастап, баршасы бірдей жауапты.

i

Міне, соның арқасында әлгі айтқан 700 тонна дайындалған. Айтпақшы, өткен жылдан қалған 200 тонна шөп қоры бар. Сыртын аңызақ аптап күйдіргенімен кезінде бабында орылып, тайланып үйілгендіктен арасын ашып қарасаң көк иісі әлі бұрқырап тұр.

Ал, «Қызылоба» алқабында үш бірдей шабушы Сейтқалиев Исламғали, Қабдиев Нұрлан, Шалажанов Темірбек «МТЗ-80» тракторларына орақтар тіркеп таң кірпігі қызыларайланып ашылғаннан алқапты әнге бөлеп, түстік ішуге ғана уақыт тауып, ымырт үйірілгенше тыным көруді білмейді. Олардың артын жалғап жинау агрегатымен Қибаев Бекболат келеді. Қалыс қалмауға бекінгені соншалық, үш шабушының орғанын бір өзі үлгеріп тұр. Оның әкесі Қибаев Әділбек жиналған шөпті тайлап, яғни тау-тау биік рулондарға айналдыруда. Кәнігі механизатор өз міндетінде кейіндеп көрмепті.

Стогометтегі Жақыпбек Бозжановтың, Таңатар Шалажановтың қимылына да әріптестері дән риза. Тракторына қос тіркеме іліп алған Ғұмаров Сансызбай қашаннан тасымал жұмысын ексітпеген мықты. Зырыл қақтырып ақшасына алғандарға сол бойда жеткізіп берсе, түсқайта мал қыстайтын орындарға қос тіркемесін сықай тиеп аттанып бара жатқаны. Жасы елулерді еңсерген салмақты жан Хасанова Назгулді жігіттер аспаз деп ғана емес, бірі апасындай, бірі қарындасындай құрмет тұтады. Өйткені, ибалы жанның ізетті қарым-қатынасына баршасы да риза. Қос басында қара шай қайнаулы, ыдыстарда мәрлімен беті жабулы тұр. Шөл қысқан азаматтар қажетінше өз ыдыстарына құйып алып, тракторларын зырылдатып кері аттанып кетеді екен. Жігіттердің бірі: «Назгүлдің дайындаған сорпасы ешбір мейрамханада жоқ шығар» деп әзілдесе, астарында шындық жатыр. Облысқа белгілі депутат, ғалым-басшы Сабыржан Қыдырсиықұлын сөзге тарттық. – Өзіміздегі малға пішен қоры жететіндей дайындаларына сенімдіміз. Содан да ауылдастарға көмек уәдемізді орындап жатқанымыз. Шөпшілер бригадасының айлық табыстары есептеліп, уақытылы қолдарына тиеді. Ыстық тағамы, жалпы азық-түлік қоры шаруашылық есебінен, оған ақшаларынан ұстау деген бізде атымен жоқ. Орақ көтеріп, ақтық нәтиже есептелгенде әрбір шөпшіге 100-150 мың теңге аралығында еңбекақыларынан басқа сыйақы есептелінеді. Малдарына деп 2 тіркеме пішен тегін босатылады. Қысқасы, күнге күйіп, аңызаққа қақталып жемшөп қоры үшін тер төккендерді ренжіткен емеспіз. Ренжітпейміз де иншалла,-деп елжанды Сәкең әдетінше сықылықтап күледі. Шаруасы жайдың көңілі де бай деген ой тұрақтайды санада. Механизаторлар атқаратын жұмыс әлі де ұшан-теңіз. Өйткені, «Кашар», «Немелкин», «Аяпберген» аталатын алқаптардың шөбі мені қашан орасыңдарды өз тілінде айтып, ырғалып тұр. Күні жарық, бұлттары маңған аспаны нұрлы, шегіртке шырылына бөленген шабындығы шытынап жарылып піскен қазақтың даласы біле-білгенге ғажап қой, шіркін! Ерінбегенге – ел ырызығы осында десек, құрманғазылық еңбек ерлері аянып жатқан жоқ, «әп, бәрекелдінің» ауызыңнан қалай шығып кеткенін аңдамайсың да.

Таңатар Дәрелұлы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig