banerkzbig

Қазақстанды Өзбекстанмен жалғайтын жаңа автожол ашылды

(0 Votes)

Бүгін Бейнеу ауданының Тәжен ауылында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» бағытындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.

Бұл автожол «Ташкент-Самарқанд-Нүкіс-Бейнеу-Атырау-Астрахань» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Жаңа жолмен қазақстандықтар Өзбекстан арқылы өзге елдерге шыға алатын болады. Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдері мен Еуропа бағыты бойынша транзиттік автомобиль ағыны қалыптасады.

Жолдың жалпы ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Нысанға барлығы 381 адам, 155 бірлік техника жұмылдырылған.

«Мемлекетаралық маңызы бар осынау елеулі жоба Қазақстан және Өзбекстан елдерінің экономикалық дамуына үлкен серпіліс беріп, екіжақты ынтымақтастықтың артуына септігін тигізетін болады»,-деді Асқар Мамин ашылу салтанатында.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig