banerkzbig

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізіледі

(0 Votes)

Бұдан былай көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет болады.

Жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтар алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жүргізуші куәлігін алған кезде, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруді міндеттеуді көздеп отыр. Бұл жаңашылдық "Халық денсаулығы" туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған.

"Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды", - деп түсіндірді Біртанов мәжілісте заң жобасын таныстырғаннан кейін.

Айтуынша, стандартты курстар барлық өңірде жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Яғни, медициналық көмек дағдыларын меңгеріп, сертификат алуға болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендердің 84,5%-і ауруханаға жетпей көз жұмады екен. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 50%-ті құрайды.

 

Sputnik Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig