Қазақстанда 180 колледж бен 20 ЖОО ашылады

(0 Votes)

ҚазАқпарат - Алдағы үш жыл ішінде елімізде 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны ашылады.

Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяу үш жылда 180 коллежд бен 20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны құрылады. Біз республикалық бюджеттен бұл мақсатқа тек алғашқы кезеңнің өзінде 58 млрд теңге бөлеміз. Бұл - шамамен 150 млн доллар. Басты мақсат - отандық және шетелдік серіктестерді белсенді тарта отырып, білім беру бағдарламасын айтарлықтай жаңарту және жаңғырту», - деді ҚР Президенті.

Осы орайда Қ.Тоқаев білім экономиканың бір саласы деген пікірмен толықтай келісетінін баса айтты.

«Жетекші әлемдік оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті белсенді дамыту қажет. Білім беру World skills әлемдік стандартына сай болуы тиіс. Біз халықаралық серіктестерге, оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Ernst&Young, PWC-ге бұл мәселеде сарапшылық қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған колледждер базасында жедел кадр дайындау және қайта дайындау үшін құзірет орталықтарын құру керек», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларды аталған процеске белсене қатысуға шақырды.

«Біздің кеңестің шетелдік инвесторларына бұл жұмысқа белсене қатысуды ұсынамын. Қазақстан Үкіметіне шетелдік тараппен бірге өзара ынтымақтастықтың өте маңызды бағыты бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521